3 500-ден астам адам қайырымдылық марафонына тіркелді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.05.2017 15:28 Zakon.kz
BI-Марафон өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Қайырымдылық жасауға ниеттенген компанияның қадамын 10 жастағы баладан 70 жастағы қария да қолдады.
Екінші қайырымдылық BI-Marathon 2017 жылы 28 мамыр күні Астанада өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өткізген брифингінде BI Group құрылымындағы «Қазақжолқұрылыс» жол дивизионының бас директоры Серік Тулебаев хабарлады.

Брифингіге қатысқан боксшы, олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаев, «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры директорының орынбасары Алтынай Тәңірбергенова пікір айтып, барша қазақстандықтарды аталмыш қайырымдылық марафонын қолдауға шақырды.



Серік Тулебаев айтып өткендей, BI Group компаниясы еліміздің халық арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша саясатын белсенді түрде қолдайды. Өз кезегінде компания басшылығы да спортпен айналысуды қаржыландырып және жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларын марапаттай отырып, мыңдаған ұжымын салауатты өмір салтына баулиды.

BI-Марафон өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Қайырымдылық жасауға ниеттенген компанияның қадамын 10 жастағы баладан 70 жастағы қария да қолдады. Көпшіліктің қолдауының арқасында енді бұл қайырымдылық марафон дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Сол марафоннан жиналған қаражатқа (10 млн теңге) сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу үшін медициналық жабдықтар сатып алынды. Бүгінде ол Астанадағы «BI-Жұлдызай» медициналық оңалту орталығында, балалардың емдік іс-шараларына қолданылып келеді.



Марафон үлкен қалаларда сәнге айналуда. Жыл өткен сайын әлемнің мегаполистерінде, сондай-ақ еліміздің бас қалаларында да оған қатысушылардың саны да артуда. Қазірдің өзінде марафонға BI Group-тың 2500 қызметкерін қосқанда 3500-нан астам қатысушы тіркелді. Марафон шарты бойынша жиналған барлық қаражат «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорына жіберіледі. 2004 жылдан бастап, Қор мүмкіндіктері шектеулі балаларға, сондай-ақ балалар мекемелері мен ауруханаларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Шетелден жоғары білікті мамандарды шақыра отырып, балаларға хирургиялық ота жасайды – 2,5 жылдың ішінде сал ауруына шалдыққан үш жүзден астам қазақстандық балаға ота жасалды, 1000-нан астам оңалту курсы жүргізілді.



Бұған қоса, Алтынай Тәңірбергенова: «Марафонның кез-келген қашықтығын жүгіру арқылы әрбір қатысушы осы орталықта ем алып жатырған балаларға қол ұшын бере алады, олардың нық аяқ басып, болашақтарына сеніммен қарауларына қолғабыс бола алады», - деп өз пікірін білдірді.
«Балаларға көмектесу – бұл әр адамның парызы деп есептеймін» деп Бақтияр Артаев барша адамдарға балалардың денсаулығына көңіл бөлуге шақырды.

28 мамыр күні Сарайшық көшесіндегі көпірдің бір жолағы тек жарты сағатқа ғана жабылады. Ал Астана қаласының көлік қозғалысы бұл күні шектеусіз жұмыс істейтін болады.



Жүгіру немесе жүгірмеу – әркім өзі шешеді. Бірақ осы материалдан кейін Zakon.kz редакциясында тағы бір марафоншы пайда болды. Жеңіске бірге жетейік!

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: