Елордада қызыл кітапқа енген құсты саудалап келген браконьерлер ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.08.2017 11:54 Zakon.kz
Күдіктілер 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды.
Елордада қызыл кітапқа енген құсты саудалап келген браконьерлер ұсталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 35 жастағы азамат қызыл кітапқа енген сұңқардың біреуін 1 жарым миллион теңгеге бағалапты. Қазіргі таңда құстар «Охотзоопром» өңірлік бөлімшесіне берілді, деп жазады Алматы телеарнасы.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339 бабы бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды болмаса, 3 жыл өмірлерін темір торда өткізеді.

«Полиция қызметкерлерімен жергілікті тұрғын, қызыл кітапқа енген сирек кездесетін құс тәркіленген. Ағымдағы жылдың 28 тамызында Алматы АІІБ-ның криминалды полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында 35 жасар жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу амалдары кезінде үйінен 2 сирек кездесетін құстардың балапандарын алған», - деді ІІД ресми өкілі София Қылышбекова.


Фото: ayudahispano-3000.blogspot.ru
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: