Теміртауда пәтердегі өрттен бүлдіршін қаза тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.09.2017 17:36 Zakon.kz
Өткен түнде пәтердегі диван бықсып, қою түтін баспана түлгілі подьезді алып кеткен.
Теміртауда пәтердегі өрттен бүлдіршін мерт тауып, 3 адам жансақтау бөліміне түсті. Қарағанды дәрігерлері бүтін бір отбасының өмірі үшін арпалысып жатыр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Теміртауда пәтерде болған өрттен 4 адам ес түссіз шығарылса, отбасының 5 жастағы кенже қызы ауруханаға жетпей демі үзілген.

Өткен түнде пәтердегі диван бықсып, қою түтін баспана түлгілі подьезді алып кеткен. Көрші қолаң далаға қашып үлгеріп, өрт сөндірушілерді шақырған.

Олардың айтуларынша, отабасы пәтерді жақында ғана жалдап, тұрып жатқан. Болжам бойынша, тілсіз жау сөнбеген темекі тұқылынан тұтанған болуы мүмкін.

Авторы: Айнұр Абдиева

Фото: 24.kz


Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: