Алматы облысында ұрлық жасаған полицей 5 жылға сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 13:04 Zakon.kz
Жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келген.
Алматы облысында заттай дәлелдерді қолды еткен полиция қызметкері темір торға тоғытылды. Оқиға Текелі қаласында болған, деп хабаралйды Хабар 24 арнасы.

Пәтер тонау дерегі бойынша қылмыс орнына келген қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкері мен оның сыбайласы хаттама толтырмастан, айғақ заттарды жымқырып кеткен.

Артынша айналып келіп, хаттама толтырады. Осы уақыт аралығында өздері қолды еткен бағалы әшекейлер мен ақшаны жасырып үлгереді.

Салдарынан жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келген. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыскерлердің кінәсі толық дәлелденді. Текелі қалалық сотының үкімімен тура жолдан тайып, полиция атына кір келтірген қылмыскер бас бостандығынан айырылды.

Данияр Мухияев, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі:

– Сот үкімі бойынша полиция қызметкері 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Қазіргі таңда жазасын өтеуде.

Фото: caravan.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: