Лента новостей
0

Қаржылық заң бұзушылы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.04.2014 20:29 Фото: zakon.kz
Экономист

Соңғы жылдары бүкіл әлем бойынша алаяқтық әрекеттер санының күрт артуы байқалады. Дәлілер айтқанда жалған келісім шарттар жасау, жалған мөр жасау, құжаттарғ а жалған қол қою, жалған жер телімдерін сату, өзіне тиісті емес пәтерлерді сату, біреудің атына жоғалған немесе ұрланған құжаттар арқылы несие рәсімдеу, азаматтардың қаражаттарын алдау арқылы тартып алу көптеп тіркелуде. Осы тәрізді заң бұзушылықтың нәтижесінде мыңдаған тұрғындар өз қаражаттарынан айрылуда, өздері алмаған несиені төлеуге мәжбүр, жалған құжаттар арқылы сатып алынған пәтерлердің, тұрғын үйлердің, жел телімдерінің заңсыз екендігін, яғни өздеріне тиесілі емес екендігін біліп сан соғуда. Осындай жағдайға ұшыраған адамдар шарасыздықтан әр түрлі әрекеттерге баруда. Яғни өзіне - өзі қол жұмсау, көшеге наразылыққа шығу, тағы да басқа әрекеттер. Осы тәрізді заң бұзушылықтарды болдырмау үшін не істеу керек?

Ұсыныс Қаржы ұйымдары әр түрлі бағыттағы несиелеу бағдарламаларына қажетті құжаттар тізіміне, несие алушы адамның жеке басын растау үшін куәліктен басқа, тағы бір құжат, яғни сол адамның жеке басын растау анықтамасын талап етуі қажет. Жеке басын растау анықтамасы халыққа қызмет көрсету орталығында алынып, сол адам туралы мәліметтер толық тексерілгеннен кейін, сол жерде берілуі тиіс. Бұл қызмет ақылы түрде болады. (100 тенге). Сонымен қатар әр түрлі бағыттағы келісімшарттар, келісімшарт жасаушы тараптар, келісімшарттың дұрыстығына күмән келтірген жағдайда, азаматтардың келісімі бойынша, заңгердің көмегімен толықтай тексеріліп, арнайы электрондық базада тіркеліп, келісімшартқа жеке код берілуі керек. Бұл көрсетілетін қызметте осы орталықта жүзеге асырылады. Осы бағытта жұмыс істейтін заңнамаға осы толықтыруды енгізуді ұсынамын.

Бұл бізге не береді?

1. Азаматтардың жеке қаражаттарының қолды болмауы

2. Қаржы ұйымдарының қаражаттарының ұрланбауы

3. Бюджетке түсетін қаражаттың артуы

5. Құқық қорғау органдарының жұмысының жеңілдеуі

6. Статистикалық мәліметтердің нақтылануы

7. Қоғамдағы тұрақтылық

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: