Лента новостей
0

Коррупцияға қарсы үш ұсыныс (қосымша)

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.04.2014 23:46 Фото: zakon.kz
Юрист

Қазақша комментарий модерациядан өтпейді екен. Сондықтан түсіндірме қосымшаны жеке жұмыс есебінде жіберіп отырмын. Негізгі жұмыс «Коррупцияға қарсы үш ұсыныс» 31.03.2014 жылы жарияланған (Работы на государственном языке).

Екінші ұсынысымда ҚР Қылмыстық кодексіндегі «пара алу» және «пара беру» қылмыстарын «заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру» және «заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар алу» деген қылмыстармен ауыстыру қажет деген едім. Коррупциялық қылмыстардың атасы «пара алу» және «пара беру» қылмыстарын тоқтату мүмкін емес. Себебі, бұл екі қылмыс екі жақтың ерікті келісімдері арқылы жасалып, нәтижесінде екі жақта өздерінің көздеген мақсаттарына жетеді. Біріншісінің мақсаты баю болса, екіншісінің мақсаты айрықша құқықтарды парамен сатып алып баю. Екінші жақ айрықша құқықтарға ие болып жатқанда үшінші жақ өздеріне тиесілі заңды құқықтарынан айрылып қалады. Бұл жерде құқық ұрлау (Құлаққа ерсі естіледі, бірақ, бұл термин қылмыстық құқықта өз орнын табатын болса азаматтар Конституцияда көрсетілген құқықтарын еркін, тең және өз уақытында пайдалана алар еді.) оқиғасы орын алды. Құқық ұрлау қылмыстық заңда қылмыстық құрам болып есептелмейді. Сондықтан оған ешкім көңіл бөліп, қылмыс есебінде қарамайды. Мысал келтірейін: Кеңес Одағы кезінде затты алып-сатушылар өте кем еді. Ол кезде Қылмыстық кодексте «Алып-сатарлық немесе саудагершілік» деген қылмыстық құрам бар еді. Қазіргі Қылмыстық кодексте алып-сатарлық қылмыс болып саналмайды. Оның бұрын қылмыс болғаны қазір ешкімнің ойына кіріп шықпайды. Сондықтан халықтың екісінің бірі алыпсатар. Затты алып сату адамдардың күнкөріс көзіне айналған. Сұрақ: Не себепті лауазымды адамдардың екісінің бірі парақор? Пара неге олардың күнкөріс көзіне айналып кетті? Бұл, қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодексте парақорлардың және пара берушілердің қылмыстарын ашатын қылмыс түрлері жоқ деген сөз. Сондықтан, ҚР Қылмыстық кодексіне қылмыстың жаңа түрлерін енгізу қажет.

Бұл қылмыстарды «заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру» және «заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар алу» деп жазған едім. Бірақ жеңілдік, артықшылық деген сөздердің екеуіде «льгота» деген сөздің сионимі екені белгілі. Сондықтан, жеңілдік және артықшылық деген сөздерді «айрықша» деген бір сөзбен ауыстырып: «Заңсыз айрықша құқықтар беру», «Заңсыз айрықша құқықтар алу» десек дұрыс болатын шығар деп ойладым. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодекске енсе құқығы шектелген әрбір азамат өзінің бұзылған және ұрланған құқықтарын еркін қалпына келтіре алады. Халықтың заңға деген сенімінің артатына сенімім мол. Заңсыз айрықша құқықтарды кімдер алып жатыр: Пара беріп кезексіз мүліктік және басқа да игіліктерге қол жеткізіп жатқандар, қылмыстық жауапкершіліктен қашқан қылмыскерлер, сапасыз құрылыс жүргізіп оны мемлекеттік қабылдаудан өткізіп жіберушілер, жол көлік ережелерін бұзып, әкімшілік жазадан құтылып жатқандар және тағы басқалар. Заңсыз айрықша құқықтар беріп жатқандар: Пара алып кезексіз мүліктік және басқа да игіліктер (жер телімі, пәтер, балабақшаға орналастыру) берушілер, қылмыстық істі заңсыз қысқартып қылмыскерге заңсыз айрықша құқық беруші, орын алған қылмыстарды жасырған тексеруші, қабылдаушы және тағы басқа мақсаттар үшін құрылған комиссиялардың мүшелері және тағы басқалар.

«Кезекке тұру туралы» арнайы Заңның қабылданғанын дұрыс деп санаймын. Себебі, коррупциалық қылмыстардың негізі, шығу тегі, атасы осы «кезектің» айналасында қаланған. Бұл заң кезекке тұру кезінде орын алатын қылмыстардың ашылуына үлкен ықпал етер еді.

Жалпы айтқанда, жемқорлықпен күрес ҰРАН күйінде қалмау керек.

16.04.2014 жыл. Жабаев Ж.Т.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: