Лента новостей
0

Отандық киноны қарқынды дамытуға субсиядия жүйесін енгізу қажет

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.04.2014 23:50 Фото: zakon.kz
Экономист

Қазақстанда түсірілетін киноларға мемлекет тарапынан тікелей бюджет есебінен қаржы- ландыруды тоқтатып,орнына киноларды мемлекет тарапынан субсидиялау жүйесін енгізуді ұсынамын. Субсидия -әр киноға проката нақты көрген жалпы кинокөрермендер санына қарап төмендегіше берілуі керек:

1. 100,0 мың көрерменге дейін көрген киноға-әр көрермен үшін 200 теңгеден субсидиялау.

2. 100,0 мың мен 200,0 мың арасында көрермен көрген киноға -әр көрермен үшін 100 теңгеден субсидиялауды.

3. Тарихи киноларға субсидияны 2 есеге,ал балалар киноларына 1,5 есеге көбейтуді.

4.Субсидия кинотеатрларға өз еркімен және өз ақшасымен билет алып Отандық киноны көрген нақты жалпы кинокөрермендер санына берілуі тиіс.

5. Субсидия киноны тегін көрген,жалған есептегі кинокөрмендер санына,жәнеде бюджет қаржысымен түсірілген фильмдерге берілмеуі тиіс.

Мысалы: 1. Жалпы Қазақстан бойынша бір киноны 80,0 мың көрермен көрді делік,оған мемлеккеттен субсидия есебінен 16,0 млн теңге (80,0 мың қөременге 200теңгеден)берілсе, жәнеде прокаттан жобамен 14,0 млн теңге тапса,жалпы 30,0млн болады. Бұл киноны түсіру шығынын жабып, сәл пайда табу мүмкін.

2. Бір киноны 150,0 мың көрермен көрді делік,оған мемлекеттен субсидия есебінен 25,0 млн теңге (100,0 мың қөременге 200 теңгеден, 50,0 мың көременге 100 теңгеден) берілсе, жәнеде прокаттан жобамен 21,0 млн теңге тапса, жалпы 46,0 млн болады. Бұл киноны түсіру шығы- нын жауып,әжептеуір пайда табуы мүмкін.

Бұл не үшін керек:

Мемлекет тарапынан қаржыландыру арқылы жылына 10-15 кино түсіреміз, одан бізге кел- іп жатқан пайда жоқ (көрермен жоқ, шығын жабылмайды, конкуренция жоқ, жатқан жем-қорлық,киножобаға қаржы бөліуді 1-2 шенеунік шешеді, киножобалар жылдап кезекте тұрады, бюджет қаржысы далаға кетіп жатыр және т.б) , сондықтан Қазақстанан шыққан киноларды өз көрермендеріміз көптеп көру үшін отандық киноны дамыту үшін «Мәдениет» заңына жаңа өзгеріс қажет. Көрермендерге қазіргі шынайы өмірге және шындыққа жанасатын Қазақстандық фильмдер ауадай керек. Сол үшін тез арада киноларды субсидиялау жүйесін енгізу қажет.

Бұл өзгеріс елімізге не әкеледі:

1. Бюджетен бөлінген қаржы субсидиялау арқылы нақты,әділ және таза жұмсалады.

2. Киностудиялар арасында таза бәсекелестік басталады және көптеген жекеменшік кино- студиялар пайда болып кино түсіре бастайды.

3. Кино түсіруде жаңа идеялар пайда болады және көптеген таланттарға жол ашылады.

4. Көрермен көптеп көретін кинолар шыға бастайды,мүмкін әлемдік деңгейде.

5. Жылына 10-15 кино емес,30-40 фильм,мүмкін 50-ден аса кино экранға шығады.

6. Кино түсіруде жемқорлық,таныстық,бұрмаулаушылық өзінен-өзі жойылады.

7. Бюджет жылына «Қазақфильм»ге 10-15 кино түсіру үшін миллардтаған есепсіз қаржы бөледі, ал осы қаржы судсидиялау арқылы жылына 40-50 фильмге жетеді.

8. Өзіне сенімді киностудиялар,режисерлар мен продюсерлер ешжаққа жалтақтамай,жалын -бай өз қаржысына,немесе мүлкін кепілдікке қойып несие алып кино түсіре бастайды.

9. Көптеген артистер мен киномамандарға тікелей,немесе қосымша жұмыс орны ашылады.

10. Кинотүсіру Алматы мен Астанада ғана емес,басқа қалаларда пайда бола бастайды.

11. Қазіргі шынайы өмірге және шындыққа жанасатын фильдер көбейеді.

12. Көптеген кино мен өнер студияларының ашылылумен елімізде «кіші және орта бизнес» пен «Ұлттық кәсіпкерлікті» дамытуда өз үлесін қосады.

Автор: Рахимжанов Джанибек Фазилович – экономист 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: