Лента новостей
0

Мемлекеттік тіл

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.04.2014 20:00 Фото: zakon.kz
Зангер

Қазақстанда мемлекеттік тілдің қолданылуы. Елбасы: «Қазақстанның болашағы – ана тілінде», деп үнемі айтуда. Халық тәуелсіздігінің негізгі белгілері оның ана тілі және халқының мәдениеті болып табылады. Бұл белгілер болмаса, халық тәуілсіз мемлекет болып өмір сүре алмайды.Тәуелсіздік алу жолында, жер бетіндегі барлық елдер өз ана тілін және салтын, сондай-ақ мәдениетін сақтап қалуға тырысады. Сол себепті мемлекет өз салтын, ана тілін аса қадірдейді. Ана тілін қадірлеу және қорғау дегеніміз ол мақтаныш, өз анаға деген сүйіспеншілікпен сыйлау сезімін білдіреді.

Осы мәселе бойынша, кейбір шенеуніктердің мемлекеттік тілді мүлдем білмеуін назарларыңызға аударғым келіп отыр. Менің ойымша, дәл осы адамдар қазіргі өсіп келе жатқан заманауи ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Құзыретті органдар тарапынан іс жүргізуді кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру жоспарлары бірнеше рет бекітілген. Бірақ, әлі күнге дейін мардымды нәтиже көрінбейді. Себебі, жекелерді айтпағанның өзінде, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде дайындалған құжатпен қатар орыс тіліндегі нұсқасы болғандықтан, көбінесе үйреншікті, сол орыс тілінде дайындалған мәтінін оқып қазақ тілінде жазылған мәтінге аса көңіл бөліне бермейді. Ол құжатта тек қана грамматикалық қателіктер ғана емес, сонымен қатар мағынасы жағынан да көптеген сәйкессіздіктер табылады. Көптеген мемлекеттік мекемелерге телефон шалған сәтте қызметкерлер ең алдымен орыс тілінде жауап береді, қазақ тілінде шала сөйлейді, қазақ балабақшаларында орыс тілді балалар, олардың ата-аналары көбіне орыс тілінде сөйлегендіктен қазақ тілді балаларға аз да болса өз зиянын тигізеді, себебі оларды ешкім қадағалап, оларға тыйым салмайды. Сонда: Қазақ тілді балабақшаның қандай пайдасы бар? деген сұрақ туындайды. Кейбір тәрбиешілер орыс тілді балалармен орыс тілінде сөйлеседі, оны көрген қазақ тілді бала әрине, орыс тілді баламен орыс тілінде сөйлесу керек деп түсінеді. Керісінше басқа ұлттың өкілдеріне қазақ тілін үйретудің орнына, біз өз қолымызбен және іс-әрекетіміз арқылы осындай қателіктерге жол беріп отырамыз. Ол баланың санасында сақталып қалады, ал тәрбие-өнегенің барлығы осы балабақшалардан басталса керек. Оған қоса қазақ азаматтарының ішінде өз ана тілінде сөйлеуді намыс көретіндер де аз емес, яғни осылай жалғаса берсе, елімізде мемлекеттік тіл дамиды дегенге күмәнім бар.

Бұл сұрақтың шешілуіне Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы заңына» келесі тармақтарды енгізу туралы ұсыныстарым бар:

1) мемлекеттік тілді жетік меңгеру үшін барынша мемлекет тарапынан жағдай жасау;

2) жақын арада (мерзімін нақты белгілеу) мемлекеттік немесе жеке құрылымына қармастан іс жүргізуді мемлекеттік тілге толық көшіру;

3) әрбір мекемеге, ұйымға, ұжымдарға және тағы да басқа органдарға кемінде екі жауапты адамды тағайындап, мемлекеттік тілдің жүзеге асырылуын бақылап қадағалап огтыруын міндетіне жүктеу;

4) мемлекеттік тілде дайындалатын құжаттың мәтініне аса мән беріп қарау, яғни грамматикалық немесе мазмұн-мағынасындағы қателіктерге жол бермеу;

5) құжаттарда қателіктер байқалған жағдайда, жауапты адамдарға айппұл салу,

себебі, құжаттар қатемен жазылса, кейін ол әдетке айналып кетуі ықтимал немесе қазақ тілін үйренемін деушілерге сол қатемен басылған сөздер дұрыс болып көрінуі әбден мүмкін. Жоғарыда аталған талаптардың барлығын мінсіз орындаған кезде ғана халқымыз аз да болса өз ана тілін үйренеді деген ойдамын. Мемлекеттік тіл деңгейін көтеру дегеніміз – бұл еліміздің мәдениеті дамыған елдердің қатарында алғашқы орындардың бірін иеленуіне әрбір Қазақстан азаматының үлесін қосқандығы. Өз елін, халқын, тілін, дінін, мәдениетін сүйіп қадірлеген азамат елінің нағыз патриоты болып табылады. Ал біздің еліміздің болашағы осы азаматтардың қолында. Қандай нәрсе болмасын, барлығы өз қолымызда, сондықтан, елбасымыз қолдайтын бағыт-саясатты дамытуға еліміне шын жүректен жаны ашитын азаматтарды ат салысуға шақырамын!

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: