Лента новостей
0

Семей ядролық полигонынан зардап шеккендер құқы туралы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2014 23:17 Фото: zakon.kz
Журналист

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1787-ХІІ Заңы азаматтар құқын толық қорғай алмайды. Заңда қайшылықтар бар.

Осы Заңның 2 - бабы «Азаматтардың өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруға құқығы» деп аталады. Онда былай жазылған:

Осы Заңның 10-бабында аталған азаматтар категориясының өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның орнын осы Заңның 12 , 13 , 14 , 15- баптарымен айқындалған мөлшерде толтыруға құқығы бар.

Бұл Заңның күші Семей облысының аудандары мен қалаларында және Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының ядролық қарулы сынау салдарынан радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған тиісті аудандарында тұратын азаматтарға қолданылады.

Аталған аудандар мен қалаларданбасқа жерге тұру үшін кетіп қалған , осы Заң қолданылатын және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар осы Заңмен көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.

Аталған аудандар мен қалаларданбасқа жерге тұру үшін кетіп қалған , осы Заң қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұратын азаматтар халықаралық келісімдерге сәйкес осы Заңда көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.

Ал енді осы Заңның «Халықты әлеуметтік жағынан қолдау» деп аталатын 13-бабында :

«Осы Заңның 5 және 6-баптарында көрсетілген аумақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың зейнетақыға аймақтар бойынша мынадай мөлшерде үстемақы алуға құқығы бар:.......

5, 6, 7, 8, 9-баптарда аталған аумақтарда тұратын халық:........»

Көріп отырғанымыздай, екі бап біріне-бірі қайшы. Кез келген жұмыс беруші мекеме, кәсіпорын заңгерлері 2-бапты жалпылама деп есептеп, 13-бапты алға тартады. Яғни, 13-баптағытұрып жатқан, тұратын деген сөздерге сүйенеді. 2-баптағы тұрған, басқа жаққа кетіп қалған азаматтар осы Заңмен көзделген жеңілдіктерді пайдаланады деген сөз онда не үшін жазылған?

Ұсынысым: 10-баптағы тұрып жатқан, тұратын деген сөздер полигон жабылғанға дейін тұрған деп өзгерту керек. Сонда әділдік орнайды. Жарыстардан зардап шеккен баршаның құқы тең қорғалады. Ғ.Қ Есембаев

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: