Лента новостей
0

Қазақстанның заңнамасында мен нені өзгерткім келеді, неліктен, және ол елге не алып береді?

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2014 23:24 Фото: zakon.kz
Бакалавр

Жоспар

1. Кіріспе

2. Тақырыптың негізі

3. Қорытынды 

«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс. Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру [1] .

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары [2] .

Жоғарыда аталған Елбасымыздың басты мақсаттары мен міндеттерін басшылыққа ала отырып мен өз жұмысымды бастамақпын. Еліміз көптеген өзгерістер мен толықтыруларға және жаңа заман ағымында алда жүруге барынша күш-жігерін салып жатыр. Алайда, Қазақстан заңнамалары мен кодекстеріне біршама өзгерістер енгізсе, еліміздің экономикасы мен даму үрдісі әлдеқайда алға қарай жылжыр еді. Елімізде әлі де болса, жемқорлық пен заңсыздық басым. Қазақстанның әр азаматы осы жемқорлық пен заңсыздыққа жол бермеудің амандарын қарастырса, біздің болашағымыз бұдан да жарқын болмақ. Ол үшін халық көп жүретін мекемелер мен халыққа қызмет ету орындарында ақпараттық нұсқаулықтар мен ескертулер, «Заңсыздыққа жол жоқ» тәрізді бейнелі суреттер, заң бұзылған жағдайда қолданылатын жаза түрлері: штаф, арест, бас бостандығынан айрылу т.б. ақпараттар халықтың көз алдарында жиірек болса, заң бұзушылыққа жақын тұрған азаматтардың жүректеріне патриоттық сезім ұшқыны бір сәтке де болса, орнар еді. Осыған байланысты ата-бабамыздан қалған бір мысал әңгімені айта кетейін. Ертеде бір кедей шаруа, не тамаққа дұрыс жарымай, не киімдері қырық шұрық болып, киерге жері қалмайтын дәрежеде өмір сүріпті. Осылай күн кешіп жүргенде, халық аузында бар ғой «Еңбектенсең, еңбегіңнің жемісін көресің» демекші, кедей шаруа егістікте еңбектеніп, арпа-бидай егіп, оны жаздың жаз бойы бағып қағып, күзде мол астық алып, астықты саудаға жіберіп, осылый жыл сайын еңбектеніп, ақыры күндердің күнінде бай атанады. Бай атанған кедей шаруа өзінің қандай дәрежеден шыққандығын ұмытпас үшін алтын сақтайтын қазына қорының төріне бұрынғы қырық шұрық болып, киерге жері қалмаған киімдерін іліп қойыпты. Байлыққа мастанып, халыққа шіреніп, менменсіндік танытқан кездерінде, алтын сақтайтын қазына қорына барған кезде, төрде ілулі тұрған қырық шұрық болып, киерге жері қалмаған киімдері тез арада адамгершілік пен ізгілікке шақырып тұрады екен...

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗІ

Қоғамдағы негізгі мәселе-жемқорлықпен күрес болып отыр. Қанша күрессек те, оның ауылы алыстамай отыр. Жемқорлықты түп орнымен жою үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды және әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілікті қатайту керек. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлға жауаптылықтың пайда болу жағдайларын жеңілдетіп, әкімшілік жазамен құтылып кетіп жатады.

Менің ойымша,

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлға жауапкершіліктің қандай түрі болмасын лауазымдылық шеннен босатылып , енді мүлдем басшы орнына тағайындалмауы орын алса, сыбайлас жемқорлық тез тыйылар еді. Себебі, басшы атануға бір күнде қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан лауазымды адамдар, ақшаға қызықпай, өз болашағына балта шапас еді. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлға өз әдетінен тағы қалмайды. Уақыт өте келе, тағы өз әрекеттеріне көшеді. Осы лауазымды тұлғаларды қайта басшы орнына сайламай, білімді жастарды сайласа, бәрі басқаша болар еді. Қазіргі кезде жастарға жақсы жұмыс орнын табу үшін таныс керек немесе ақша төлеп, жемқорлыққа жол беріп қана орналасуға болады. Қазір қоғам осылай болып бара жатыр...

Халыққа үкіметке деген сенімді күшейту керек. Кейбір жеке тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаға қарсы келе алмайды, себебі, өзіне кесірі тиер, деген оймен үндемей жұмысын жалғастыра береді.

Сондықтан, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына өзгеріс енгізіп, үкімет тарапынан сыйақының көлемін көтерсе және жылына мониторинг бойынша көп хабарласқан жеке тұлғаға сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды хабарлап, ол дәлелденсе, сол тұлғаға қаладан пәтер сыйға тартылса, Қазақстан азаматтарының сенімі мен бұл жұмысқа көптеп араласуы, «Бірлік болса, тірлік болады» демекші, бүкіл халықтың назарын осыған аудартса, мемлекетке көп көмегін тигізер еді.

Ұсыныс

Заңға өзгеріс енгізу

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңындағы 7-бапқа толықтыру енгізілсе,

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi» (7-бап. 3.-тармақ). Бұл бапта, тек қана, жеке басының ғана қауіпсіздігін көрсеткен, осы бапты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн және тұрғын үйі мен дүние мүлкінің, жұмыс орынының сақталуына кепілдігін қамтамасыз етедi». Егер, айыпталушы немесе жауапкер жақтан қиянат келтірілсе, үкімет тарапынан келтірілген шығын орыны екі есе қайтарылады.

-Осы өзгеріс, біріншіден халыққа сенім ұялатады;

-Екіншіден, мемлекеттің қаражатын ысыраптан қорғайды және заңсыз әрекеттер мен әрекетсіздіктерге жол бермеуге жол ашады.

Қоғамды жиі мазалап жүрген мәселелердің бірі, нотариустардың қызметі. Көптеген құжаттардың дұрыстығы мен түпнұсқалығын анықтау, сол нотариустардың міндеттеріне жатады. «Осы міндеттерді нотариустар дұрыс орындап жатыр ма?»- деген сұрақ туындайды.

Нотариустың қызметін негізінен қадағалаушы және ұйымдастырушы органдар қатарына: – Әділет органдары;

– Нотариаттық палата.

Ұсыныс:

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтыру енгізу.

- 19 Бөлім. Нотариустардың іс-әрекетіне жауаптылығы.

Осы бөлімге

- 106-бап. Тұрғын үйді (пәтерді) сату және сатып алу, несиеге алу кезіндегі нотариустың жауаптылығы

-107-бап. Құжаттардың түпнұсқасын анықтаудағы жауаптылық.

-108-бап. Жер телімін рәсімдеу кезіндегі нотариустың жауапкершілігі.

Мысалға айтсам, қазір тұрғын үйлерді, әсіресе, көп қабатты қалалық пәтерлерді сатып-алу немесе несиеге алу келісім-шартын жасасқан кезде сатып алушылар алданып қалып жатады. Себебі, пәтер иесі немесе үй иесінен жалға алған азаматтар үй құжатының түпнұсқалығына ұқсас құжат жасап алып, жалған үй құжаттарын ұсыну арқылы пәтерді бірнеше кісіге сатып, ақшасын жымқырып жүргендер аз емес. Бұл алаяқтықты жасауға нотариустардың жалған құжаттарды түпнұсқалықтан айыра алмай, жалған құжатты түпнұсқа деп куәландырып жатады. Ол нотариустардың салғырттығы ма? Әлде нақты жауаптылық болмағандықтан ба? Осындай олқылықтардан, қаншама пәтер алам деп жүріп, алаяқтың қақпанына түсіп жатқандар аз емес. «Нотариус рәсімдеді бәрі дұрыс екен»,- деп, сеніп қалушылар көп. Осы жағдайға ашылған қылмыстық немесе әкімшілік істер нотариустың кінәлігін мойындатуға қиыншылық тудыртып жатады. Бар жауапкершілікті тек алаяқтың мойнына іліп, құжаттарды рәсімдеген нотариустар сүттен ақ судан таза бола қалады. Ал, істің мән-жайын дұрыс жобаласа, барлық құжаттарды анықтап, рәсімдеген нотариус болып шығады. Осындай нотариустардың олқылықтары мен қателіктері, жауапсыздықтары қаншама заңсыз іс -әрекеттерге жол ашады.

Барлық тіршілік иелеріне біріншіден ауа қажет. Біздің қоршаған ортадағы экологиялық жағдайымыз ауаны ластап, ағзамызға көп зияны тигізері сөзсіз. Адамзат 225 жасқа дейін өмір сүре алады екен. Ал біздің орта 70-80 ғана жетеді. Сонда біз өз өмірімізді өзіміз қысқартып жатырмыз. Адамның денсаулығы қоршаған орта мен жеген тағамына байланысты.

Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс. (321-бап. 3-бап Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі ) Аталған бап дұрыс жазылғанмен, оның орындалуы екіталай. Қазір өндіріс орындары зиянды заттарды суға немесе жанында тұрғын үйлері бар аумақтарда төгіп жатқанын жаңалықтарда жиі айтылады. Соның ішінде сыныптың мөлшері бергіленген нормадан өте көп. Соны біле тұра, суға да ағызып жіберіп жатыр. Оның адам денсаулығына зияны тез келмесе де, күнде желмен, ауамен соның салдарынан өкпе немесе басқа да ағзалары зақымдайды. Ал, ондай денсаулыққа зиянды қалдықтарды төккен өндіріс орны арнайы жерге апармай, штраф төлеп құтылып кетіп жатады. Төгілген зияды қалдықтар бір жыл емес, көптеген жылдар бойы сол аумақтың тұрғындарының денсаулықтарына зиянын тигізері айдан анық. Менің ойымша, аталған істерге штаф төлетіп және қоршаған ортаға зиян келтірген өндіріс орынының басшысын бас бостандығынан айыру жазасына тарту керек.

Конституцияның әлеуметтік нормаларына 38-бапты жатқызу керек, онда былай деп белгіленген: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». Осы аталған бапқа тек қана міндеттеп қана қоймай, «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті және жауапкершілік жүктелсін »деп толықтырған жөн деп ойлаймын.

Қазақтан Республикасының заңдары мен кодекстері заман талабына сай өзгертіліп, жаңа заңдар енгізілсе де, олардың орындалуы 100%-ға жетпей жатыр. Сондықтан, мен осындай ұсыныс жасар едім:

Ұсыныс

·Қазақстан Республикасының кодекстерінің дұрыс қолданылуын және орындалуын бақылау комитетін құру және тікелей Үкіметке сайт арқылы ай сайын есеп беру.

·Қазақстан Республикасының заңдарының дұрыс орындалуын бақылау комитетін құру және тікелей Үкіметке сайт арқылы ай сайын есеп беру.

· Экологиялық апаттардың алдын алу және Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің дұрыс қолданылуын және орындалуын бақылау комитетінің жұмысына қадағалау жасау және тікелей Үкіметке сайт арқылы ай сайын есеп беру.

·«Тазалықты қатаң сақтау» туралы Қазақстан Республикасының заңы; (тұрғын үй сырт келбеті, табиғатқа саяхат кезінде, т.б. )

- Ол біріншіден халыққа түсінікті етіп жеткізуге және тазалық пен тәртіпке үнемі шақырып отырады;

- Екіншіден, мемлекетпен қорғалатын табиғат пен экологиялық ластанулардан қорғайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Еліміздің өркендеп, алдыңғы қатарда көріну үшін заң қатал, әрі жүйелі болу керек. Жоғарыда аталған ұсыныстар назардан тыс қалмайды деген ойдамын. Менің бұл ұсыныстарды қарастырған себебім, қоғамдағы жиі болып тұратын қиыншылықтар мен түсініспеушіліктерден, заңдағы қайшылықтардан және нақты болмауынан халқымыз зардап шегіп жатқандықтан жазып отырмын. Біздің заңдарымызға әлде де болса көп өзгеріс енгізуге болады. Осындай конкурстар жиі болып тұрса, деген тілегім бар. Бұл конкурс ізденімпаздыққа, қоғамдағы келіспеушіліктер мен заңсыздықтардың неден, әрі қалай орын алып жатқандықтарын зерделеп, саралауға жол береді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР

1. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы 17 қаңтар 2014 жыл

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған)

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңы

4. Нотариат туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі № 155 Заңы

5. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: