Шекара маңынан снаряд табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.03.2016 22:01 Zakon.kz
Оқиға орнына жедел барған полиция қызметкерлері Турбат шекара заставасының шекарашылары гранатометтің оғына ұқсас снаряд тапқан.

Оңтүстік Қазақстан полицейлері шекара аумағынан табылған оқ-дәріні залалсыздандырды. Қазығұрт аудандық ішкі істер бөліміне бұрынғы әскери полигон аумағынан ұзындығы 30 см болатын оқ-дәрінің табылғаны туралы хабар келіп түскен, деп жазады otyrar.kz.

Оқиға орнына жедел барған полиция қызметкерлері Турбат шекара заставасының шекарашылары гранатометтің оғына ұқсас снаряд тапқанын анықтайды.

Полицейлер қауіпті аймақты қоршап, жарылғыш заттың күшін жойып, залалсыздандырды. Аталған жайт бойынша қылмысты іс қозғалды. Тексеру жұмыстары жүрзілуде.

Фото:news.caravan.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: