Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ҚР Үкіметі экономикалық саясатқа өзгерістерді қыркүйекте Парламентке ұсынады

Депутаттардың алдында сөз сөйлеген К.Мәсімов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет әрекеттегі бағдарламалар аясында қаражатты қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті.

Фото : 17 июня 2016, 16:31

Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты, оның барысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қаралып, бекітілді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттардың алдында сөз сөйлеген К.Мәсімов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет әрекеттегі бағдарламалар аясында қаражатты қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті.

«Біз «Нұрлы жол» бағдарламасының кейбір баптарын, ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, Үкіметтің ішіндегі кейбір қосымша ресурстарды қайта қараймыз. Қысқа мерзімді жоспарда қаражатты әлдеқайда тиімдірек пайдалануды көздеп отырмыз», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министрдің пікірінше, экономика өсіміне тұрғын үй құрылысы көлемін одан әрі ұлғайту жақсы серпін болмақ. Осы мақсаттағы «Нұрлы жол» бағдарламасының жаңа бағыты ЖТҚ инфрақұрылымын жүргізу болмақ.

«Инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгеннен кейін 10 сотық жер бөлу мәселесі бұл жағдайды шешу үшін оң түзетулер енгізеді деп санаймыз. Сондықтан ресурстардың бір бөлігі жеке тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады», - деп баса айтты К.Мәсімов.

Сондай-ақ ел Президентінің тапсырмасымен Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатына өзгерістер енгізу бойынша мәселелерін талқылауда, олар ағымдағы жылдың қыркүйегінде Парламенттің қарауына енгізіледі, деді Премьер-Министр.

Өз сөзінің соңында Кәрім Мәсімов Парламент депутаттарына ашық және конструктивті диалог үшін алғыс айтты.

Фото: primeminister.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии