Лента новостей
0

"Алматы жылу жүйелері" қала тұрғындарына 600 млн теңге қайтарып береді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.06.2016 23:37 Zakon.kz
Кей тұрғындарға ақшасы қайтарылып жатқанда енді бірінен берешекті өтеу талап етілуде.

"Алматы жылу жүйелері" қала тұрғындарына шамамен 600 миллион теңге қайтарып береді. Әрбір абонент үшін қайта есептеу сомасы шілде айының түбіртегінде көрсетіледі. Ал, үйлерінде ортақ есепке алу құралы орнатылған тұрғындарға қайта есептеу қарастырылмаған. Мамандардың айтуынша, есептеу кезінде ауа температурасы ескеріліпті. Өткен жылу маусымында күн өте жылы болғандықтан, қайта есептеу сомасы түгелдей тұрғындарға қайтарылады, деп жазады Алматы телеарнасы.

"Бұл ақша тұрғындарға қолма-қол қайтарылмайды. Олар келесі жылу маусымында ескеріледі. Яғни, қазан, қараша айы келгенде тұрғындар қайта есептеу кезінде шыққан ақшаны пайдаланып, төлем жасай алады. Ал, үйлерінде ортақ есепке алу құралы орнатылған тұрғындарға қайта есептеу қарастырылмаған себебі ондай есептік құрал тұтынушының қанша энергия жұмсағанын нақты көрсетіп береді",- деді "Алматы жылу жүйелері" ЖШС бас директорының коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары Марина Хохлова.

Кей тұрғындарға ақшасы қайтарылып жатқанда енді бірінен берешекті өтеу талап етілуде. Коммуналдық қызметкерлердің мәліметінше,алматылықтар жылу мен ыстық суға шамамен екі миллиард теңгеге жуық қарыз. Мәселен, мына 30 пәтерлі тұрғын үй кешені тұрғындарының, жалпы берешегі жарты миллион теңгеге жуықтаған.

"Бізге келесі жылу беру маусымына дайындалу қажет. Өз кезегінде біздің де тиісті мекемелердің алдында жауапкершілігіміз бар. Біз де жылуды сатып аламыз, яғни біз тек қызметті ұсынатын компания болып табыламыз. Бұл шараны қолға алып жатқан себебіміз, тұтынушылар дер кезінде ақыларын төлемейді. Сондықтан 2 ай көлемінде қарызын өтемеген борышкерлер ыстық судан ажыратылады",- деді " Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз хатшысы Наталья Инкина.

Фото: almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: