Лента новостей
0

Оралда алаяқ әйел сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.06.2016 18:27 Zakon.kz
Сот үкім шығарған кезде сотталушының айыбын мойындап, өкінгендігін, оның жасын, тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген оң мінездемені ескерді.

Орал қалалық сотының үкімімен А.Сарбалина Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен (алаяқтық) айыпты деп танылып, мүлкін тәркіледі. Сонымен бірге оны екі жылға бас бостандығынан шектеді, деп жазады egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметтері бойынша, сотталушы 2014 жылдың желтоқсаны мен 2015 жылдың ақпанында төрт адамға Оралдан жер телімдерін алып беруге жәрдемдесемін деген жалған сөздерімен ақшаларын алып, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен екен. inform.kz-тің хабарлауынша, жәбірленушілерге 1 миллионнан теңгеден астам шығын келтірген.

Қазіргі таңда ол кінәсін толық мойындады. Сот үкім шығарған кезде сотталушының айыбын мойындап, өкінгендігін, оның жасын, тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген оң мінездемені ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Темір Құсайын

Фото: news.bigmir.net

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: