Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Елімізде жыл сайын ағза ауыстыру бойынша 900-ге жуық операция жасалады

Дәрігерлер өз біліктіліктерін биыл да көрсете білді. 14 маусым күні трансплантологтар бауырды тірі донордан өзге адамға сәтті қондырған.

Фото : 28 июня 2016, 16:07

Елімізде жыл сайын ағза ауыстыру бойынша 900-ге жуық операция жасалады. Оның ішінде бүйрек, бауыр трансплантациясы да бар. Соңғы үш жылдың ішінде Астана қалалық №1 ауруханасында 30-дан аса науқасқа операция жасалды. Оның 20-сы бауыр, ал қалған 13-і бүйрегін ауыстырған, деп жазады 24.kz арнасы.

Бұл мекемеде ағза ауыстыру операциясы былтырдан бері шетелдік мамандардың көмегінсіз жасалады. Дәрігерлер өз біліктіліктерін биыл да көрсете білді. 14 маусым күні трансплантологтар бауырды тірі донордан өзге адамға сәтті қондырған. Айта кету керек, шетелде мұндай операцияның құны 150 мың еуродан асып түседі. Ал бізде емделу мүмкіндігі тегін. Жыл сайын елімізде 4 мыңға жуық сырқат бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, ұйқы безі сынды ағзаларын ауыстыруға мұқтаж.

Ерлан Баймағамбетов, емделуші:

- Мен сияқты аурулар болса, қорықпау керек. Мен екі жыл қорқып жүрдім келуге. Осындай операцияға келіспей. Көзім жетті жігіттердің қолдарынан келетініне. Қазақстанның қарапайым дәрігерлерінің қолынан келетініне. Сондықтан келістім осы операцияға. Жағдайым жаман емес. Келгенде қандаймын? Қазір қандаймын?

Абылай Донбай, №1 қалалық аурухананың трансплантология және гепатобилиарлық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Операцияға дейін біз қан топтарын анықтаймыз. Қан топтары сәйкес келуі керек. Сосын генетикалық сәйкестік жүргіземіз. Реципиент пен донордың генетикалық сәйкестігін анықтаймыз. Оны анықтап болғаннан кейін барып операцияға аламыз.

Фото: nahnews.org


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии