Горячие новости
Читайте также

Талдықорған маңындағы саяжай тұрғындары ауыз суға зәру

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының маңындағы саяжай тұрғындары ауыз суды екі шақырымдай жерден тасып ішеді.

Фото : 30 сентября 2016, 15:33
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының маңындағы саяжай тұрғындары ауыз суды екі шақырымдай жерден тасып ішеді. Қала маңындағы Үйтас саяжайында тұратын 3 мыңға жуық отбасы әбден зәрезап болған, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Судың қадірін біліп жатырмыз. Емін-еркін суды пайдалана алмаймыз. Екі шақырымдай жерден жаяу су тасу оңай емес. Ауладан құдық қазсақ, су шықпайды. Сондықтан біздің бар үмітіміз жергілікті билікте. Оның үстіне жергілікті тұрғындар саны да күн санап өсуде. Осы мәселе оң шешімін тапса дейміз», - дейді жергілікті тұрғын Жадыра Қуандыққызы. Оның айтуынша, тұрғындар аталған мәселе бойынша Талдықорған қалалық әкімдігіне бірнеше рет көмек сұрап барғандарын айтады.

Ал қалалық әкімдік Үйтас саяжай алабын ауыз сумен қамтамасыз етудің жобасын әзірлеу енді қолға алынғанын алға тартады. «Жоба жыл соңына дейін дайын болады. Содан жоба әкімдікке жөнелтіледі. Мұнда ол арнайы жоспарға кіргізіліп, қалалық мәслихаттың сессиясының күн тәртібіне енгізіледі. Содан қаржыландыру шешілсе, жұмыстар басталады. Жоба дайын болып, әкімдікке өткенше, нақты уақыттарын айта алмаймыз», дейді Талдықорған қалалық әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Болысбекұлы.

Осыған қарағанда, Үйтас саяжайында ауыз су мәселесі қашан нақты шешілетіні белгісіз.

Самал Қабышева

Фото: www.inform.kz

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии