Лента новостей
0

Илья Ильин қызметінен бас тартты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.11.2016 21:26 Zakon.kz
Олимпиада жеңімпаздарына мемлекеттен берілген қаржы, үй, көлік қайтарылып алынбайды.
Илья Ильиннің өз еркімен қызметтен кетуі - нағыз ер жігітке тән қасиет. Мәжілістегі жұмыс тобының отырысында мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері осылай деп отыр. Күні кеше ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясындағы қызметінен бас тартты, деп жазады Алматы телеарнасы.

Ол бұған дейін министр кеңесшісі еді. WADA кодексіне сәйкес, допинг қолданған спортшы жарыстан шеттетіледі. Спорт саласында жұмыс істеуге де хақы жоқ. Осылайша, халықаралық Олимпиада комитетінен хат келе салысымен, чемпион бір мезетте хат жазып, қызметтен босатуын сұраған.

«Болған жағдай төбемізге жай түсіргендей болды. Мен оны әрдайым мақтан тұттым. Бейжің Олимпиадасында оған қолдау білдірдім. Ал Лондон Олимпиадасында жеке өзім болдым. Министрлік өзкілдері де қапаланып, қимай отыр. Оған ешкім қысым білдірген көрсеткен жоқ. Бұл Илья батырдың өз шешімі»,- деді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Сәкен Мұсайбеков.

Вице-министрдің пікірінше, тыйым салынған препараттар спортшыларға арналған тағам мен спорттық қоспалардың құрамында болуы мүмкін. 2012 жылғы тексерісте біздің спортшыларымыздың ағзасы доппингтен ада еді. Мұны халықаралық зерттеулер нәтижесі көрсеткен. Алайда жаңа технологиялар қолданысқа шыққалы, спортшыларымыздың сынамалары бірден тыйым салынған заттарға толып кеткен.

Айта кетейік, Олимпиада жеңімпаздарына мемлекеттен берілген қаржы, үй, көлік қайтарылып алынбайды. Бұған себеп - елімізде мұндай оқиға бірінші рет тіркеліп отыр. Сәйкесінше заң да қарастырылмаған.

Фото: Lada.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: