ШҚО-да 20 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар сүйегі табылды

28 сентября 2017, 09:27
Фото:
Әлемдегі геологиялық қабаттардың ең көне бөлігі Зайсан қазаншұңқырында орналасқан. Мұндай деректер ел шығысында жүргізіліп жатқан палеонтологиялық қазба жұмыстары барысында мәлім болды. Алғашқы олжа – ТМД ғалымдары тапқан көне динозавр сүйектері, деп жазады Хабар 24 аранасы.

Кейін бұл аймақтың осыдан 20 млн жыл бұрын өмір сүрген алып мүйізтұмсық сияқты ерекше жануарлардың мекені болғанын дәлелдейтін жәдігерлер табылған.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақтың көне тарихын түгендеп қана қоймай, Қазақстан жерінің қалыптасу кезеңдері жайлы да тың ақпарат алуға жол ашты. Дәл осы Зайсан қазандығында әлемдегі ең көне жануарлардың сүйектері табылған. Палеонтологтардың қызығушылығын тудырған бұл жәдігерлер тарихымыздың жаңа парақтарын ашуға сеп болары сөзсіз.

Белгілі палеонтолог Болат Байшашов Зайсан қазаншұңқырында үш жыл бойы қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Табылып жатқан көне жануарлардың сүйегі байырғы сафараға сапар шектіретіндей екен. Керік, қолтырауын, семсертісті жолбарыс, динозавр дәл осы мекенде тіршілік еткен. Бүгінге дейін аумақтан 200-ге жуық жануар сүйегі табылған. Олардың 30 пайызы бұрын еш жерде кездеспепті.

Болат Байшашов, палеонтолог:

- Миоценнің соңғы кезі гипореон фаунасы деп аталады. Сол кездерде тіршілік еткен жануарлардың сүйектерін биыл қазып жатырмыз. Бұл жерде былтыр да, биыл да шығып жатқан мүйізтұмсықтың 2 түрі бар. Хилонтерий және синотерий деген бір тістісі, екіншісі хилотерий мүйізтұмсықтың 1 түрі. Соның көлеміндей болады.

Қазаншұңқырда жүз жылдан бері зерттеу жұмыстары жүргізілген. 80-ге жуық қазба орнынан бор дәуірінің аяғынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі жануарлардың қалдығы табылған. Зайсандағы тың жаңалықтар әлем ғалымдарын да бей-жай қалдырмады.

- Зайсанкөлдің маңайындағы Еспе, Құсты деген жерлер полентологиялық қазбаларға бай. Бір жағы Зайсан көлінің арғы жағы Қиын керішпен жалғасып жатыр. Крокодил мен қалталы жануарлардың екі түрінің сүйегі табылып отыр, -дейді тарихшы

Фемистокл Жүнісов.

Ал ең соңғы олжа – көне мүйізтұмсық-синотерияның тісі енді Зайсандағы облыстық өлкетану мұражай келушілерінің көзайымына айналмақ. Осы Қалмақбайда өте көп табылды. Бұрын басқалары Қытайда табылған бірнеше сүйектер бар, Павлодарда біраз сүйектері табылды. Мына жерде өте көп сүйектер табылған. Туған өлкенің тарихы тереңде. Оны зерделеп танып-білуде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үлесі зор.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Фото: 24.kz

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?