Нөсер жауыннан Медеу ауданының тұрғындары бірнеше күн сусыз қалды

Zakon.kz
Коммуналдық қызметтер көп мөлшерде жауған жауын суы құбырға зақым келтіргенін хабарлады.

Сусыз қалған тұрғындарға қайтадан тіршілік нәрі беріле бастады. Медеу ауданындағы Жабаев көшесінде тұратын ондаған үй осыдан бірнеше күн бұрын ауыз сусыз қалған еді. Коммуналдық қызметтер көп мөлшерде жауған жауын суы құбырға зақым келтіргенін хабарлады. Қазір оқиға орын алған жерде аумақты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады «Алматы телеарнасы».

«23 мамыр күні сағат 9.00-де су қайтадан осы құбырға берілді. Яғни, халыққа су қосылды. Құбыр «Алматы су холдингі» мекемесінің балансында емес, яғни қаланың меншігінде емес», - деді Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Дәурен Жандыбаев.

Фото:almaty.tv

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Пропустил три партии и отказался играть с Асаубаевой: FIDE взялась за Карлсена

Снег, дождь и гололед: погода в Астане, Алматы и Шымкенте на 23-27 ноября

Курсы валют в обменниках Астаны и Алматы на 22 ноября

Жалоба одного пассажира обернулась проблемами для популярной казахстанской авиакомпании

Астрологи назвали четыре знака зодиака, которым улыбнется удача