Баянауыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Zakon.kz
Биылғы жылы алты айдың ішінде Павлодар облысында жемқорлыққа байланысты 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Павлодар облысының Баянауыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М. Абылайханов парамен ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы 2016 жылдың алты айдың қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының жетекшісі Руслан Куватов мәлім етті.

- Шенеунік біреуге жер телімін алып беру үшін 250 мың теңге сыйақы сұраған. Абылайханов параны алып жатқан жерінен сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі мамандарының қолына түскен. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді Руслан Куватов.

Биылғы жылы алты айдың ішінде Павлодар облысында жемқорлыққа байланысты 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір адамға артық. Тағы екі іс қазір өндірісте. 34 қылмыстың 23-і пара алу бойынша болса, қалғаны пара ұсыну фактісі.

Бекболат Сауырбай

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Какую рыбу есть для сердца, похудения и хорошего настроения

По всей стране объявлено штормовое предупреждение на воскресенье

Подсудимые по делу о взрыве в "Центре плова" отрицают свою вину

Ученых озадачили башни изо льда, которые "вырастают" посреди пустыни

Песня казахстанского капитана полиции набрала несколько миллионов просмотров на YouTube