Қазақстанда Астрахан-Маңғыстау су таратқышының өткізу қабілеті арттырылады

Zakon.kz
Су таратқыштың өткізу қабілеті 2020 жылға қарай кезең-кезеңмен тәулігіне 35 мың текше метр суға ұлғайтылатын болады.
Қайта құру нәтижесінде магистралды су таратқыштың өткізу қабілеті 2020 жылға қарай кезең-кезеңмен тәулігіне 35 мың текше метр суға ұлғайтылатын болады. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«2017 жылдың соңына қарай №5 су сорғы станциясындағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады. Су таратқыштың бүгінгі таңдағы ең көп техникалық мүмкіндігі «Қиғаш» - су сорғы станциясы (ССС)-8 (Құлсары қ.) ЖӨДС (желілік өндірістік-диспетчерлік станция) учаскесінде тәулігіне 94 мың текше метрді; Маңғыстау – ССС-8 учаскесінде тәулігіне 73 мың куб метрді құрайды», - деп хабарлайды «ҚазТрансОйл» компаниясында.

Су таратқыштың міндеті - Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарына тұрмыстық, технологиялық және техникалық қажеттіліктері үшін техникалық суды жеткізу.

Су таратқыштың негізгі тұтынушылары мұнай өндіру кәсіпорындары болып табылады: «Теңізшевройл», «NCOC N.V.», «Қаражанбасмұнай», «Маңғыстаумұнайгаз» (Жаңаөзен қ., Жетібай а., Қаражанбас, Қаламқас және Теңіз кен орындары).

Магистралды су таратқыштың су тарату қызметін Атырау мен Маңғыстау облыстарының 173 тұтынушысы қолданады, соның ішінде 23 мұнай өндіру кәсіпорны мен 36 өнеркәсіптік кәсіпорын, 20 коммуналдық және бюджеттік ұйымдар, 94 ауыл шаруашылығы өндірушісі.

Су таратқыш суды ішуге жарамды сапаға жеткізіп, оны 8 мың тұрғыны бар Аққыстау ауылы, 70 мың адамы бар Құлсары қаласы, 120 мың тұрғыны бар Жаңаөзен қаласы, 47 мың тұрғыны бар Бейнеу ауылы секілді тұрғындарының саны жыл сайын артып жатқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындарға жеткізеді.

«Кешенді зертханалық зерттеулердің деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда Астрахан-Маңғыстау су таратқышы арқылы айдалатын судың сапасы бекітілген нормалар мен талаптарға сай», - деп куәландырды компанияда.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила