ОҚО әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков Түлкібас ауданында болды

Zakon.kz
Алдымен, жұмысшы топ Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, елді-мекендерді аралады. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алдымен, жұмысшы топ Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Амбулатория құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Ақ Нұр-строй» ЖШС-нің өкілімен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды міндеттеді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков Састөбе поселкесіндегі аппаты деп танылған аурухана мен күрделі жөндеуді қажет ететін мәдениет үйінде болып, алдағы жылдары қаржы бөліп, аталған нысандарға құрылыс жұмыстарын жүргізуге құжаттарын дайындауды тапсырды.

Сондай-ақ, ол «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Азаттық ауылындағы мәдениет үйі мен алдағы күні ел игілігіне берілетін Т.Рысқұлов ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Іс-сапардың жалғасы аудан әкімдігінде жалғасып, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатында жиын өткізілді.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Снег, дождь и гололед: погода в Астане, Алматы и Шымкенте на 23-27 ноября

Курсы валют в обменниках Астаны и Алматы на 22 ноября

Опубликовано штормовое предупреждение на 23 ноября

Астрологи назвали четыре знака зодиака, которым улыбнется удача

Одному знаку китайского зодиака предсказали большую удачу в 2027 году