Қостанайдың ірі сауда орталығын «миналаушы» ұсталды

Zakon.kz
29 қаңтар күні түнде Қостанай қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының «102» пультіне «Март» сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар келіп түсті.
Полиция кеше кешке Қостанай сауда орталығына қойылған бомба жайлы хабар берген ер адамды ұстады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Полиция «Март» сауда орталығына бомба қойылды деп хабар берген 26 жастағы күдіктіні ұстады», - делінген мекеменің баспасөз баянында.

- Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды». 29 қаңтар күні түнде Қостанай қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының «102» пультіне «Март» сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнын полицияның жедел-тергеу тобы шұғыл қоршады. Келушілер болмағандықтан, сауда орталығынан ешкім эвакуацияланған жоқ. Тексеру барысында жарылғыш зат табылмады. Лаңкестік актісі жайлы жалған хабар берген 26 жастағы күдікті бірден ұсталды. Ол алкогольді ішімдікке мас болған. ҚР ҚК 273-бабына сәйкес («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Геологи обнаружили самое крупное месторождение золота

Конфисковали шесть квартир, машину, активы на 280 млн тенге: ростовщика-миллиардера осудили в Казахстане

В России отменили концерт известной провокационной группы

700 полицейских и 130 экипажей выйдут на улицы Алматы: полиция раскрыла план действий на 1 сентября

Запрет на выезд, арест счетов и имущества: казахстанцам сделали срочное напоминание о важном налоге