Автобус жүргізушісі жолақысын алып жатып, троллейбусқа соғылған

Zakon.kz
Жол апатынан кейін сегіз адам медициналық көмек сұрады.
Қоғамдық көлік ұшыраған жол апаты 23 маусымда болған, сегіз адам зардап шекті, деп жазады sputniknews.kz.

Алматы қаласы "Мадина" автопаркінің директоры Бекежан Таныштықбай өз қарамағандағы автобус ұшыраған жол апаты туралы айтып берді.

Көлік апаты 23 маусым күні болған, автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылыпты. Жол апаты Абай даңғылы бойында Байтұрсынов пен Масаншы көшелерінің арасында болған.

"Мен тергеу жүргіздім. Таңғы 10.30-да, жер қара, күн жылыда алдыңда тұрған троллейбусқа қалай соғылып жүрсің дедім. Жүргізуші жағдайды былай түсіндірді: жолақысын алып, ақшаның қалғанын бергелі жатқанда, алдына қараса, троллейбус тұр екен, сөйтіп, бір-ақ соғылыпты", — деді Бекежан Таныштықбай.

Жол апатынан кейін сегіз адам медициналық көмек сұрады. Олардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ.

Фото: sputniknews.kz
Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Семья за сутки перебрала 10 тонн мусора в поисках выброшенного золота

Долгожданное потепление до +17°С, снег и туман: что ждет Астану, Алматы и Шымкент 16-18 марта

Елена Рыбакина уступила Арине Соболенко в напряженном финале WTA 1000

Фильм Тимура Бекмамбетова и дочь Сильвестра Сталлоне назвали худшими в Голливуде

Первая ракетка Казахстана уступила в финале американского турнира WTA 1000