Алматы облысында ер адамды ұрып-соғып, ұрлап әкеткен

Zakon.kz
Жамбыл облысы тұрғындары ұрлық жасаған күдіктіні жазалаймыз деп, өздері полицияға ұсталды
Қапшағайға жақын маңда адамды көлікпен ұрлап әкетпек болған төрт ер адам ұсталды, деп хабарлайды sputniknews.kz, Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

15 тамызға қараған түні жол-патрулдік полиция қызметкерлері Алматы-Өскемен тас жолында Daewoo Nexia көлігін тоқтатады. Жүргізушінің әрекеті бір түрлі көрінген соң, полицейлер көлікті тексеріп, жүк салғыштан соққыға жығылған ер адамды табады. Қосымша күш шақырып, патрулдік полицейлер төрт адамды ұстайды да, Қапшағай ҚІІБ-не жеткізеді.

"Ұсталғандар Жамбыл облысында тұрады, Алматыда жалдамалы жұмыспен айналысады екен. Зардап шегуші 25 жастағы Бақанас ауылының тұрғыны, ол ұсталғандардың танысы болып шықты, олар жігітті ұрлық жасады деп күдіктенген. Яғни, ұсталғандар жәбірленушіні жүксалғышқа салып, Алматыдан алып кетіп, әрі қарай мәселенің басын ашпақ болған", — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Ұсталғандар қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Фото: sputniknews.kz
Астана
Актау
Актобе
Алматинская область
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Суперкомпьютер NASA рассчитал точную дату конца человечества на Земле

Достигло 100-го этажа: самое высокое здание мира растет в Саудовской Аравии

Мясо по 3275 тенге: хорошую новость сообщили казахстанцам

Елена Рыбакина пробилась в третий круг турнира WTA 500 в Штутгарте

Баян Алагузова заполучила легендарный камзол из культового фильма "Қыз Жібек"