Ақтауда анасы мен қызы бесінші қабаттан құлап кетті

Zakon.kz
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ.
Көрші үйдің тұрғындары бес қабатты үйдің терезесі түбінде жатқан әйел мен оның жасөспірім қызын тауып алған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Зардап шеккендер ауыр хәлде Маңғыстау облыстық ауруханасына жансақтау бөліміне жеткізілді.

Үй тұрғындарының айтуынша, зардап шеккендер құлап кеткен пәтер жалдамалы екен. 1977 жылы туған әйел 2002 жылғы қызымен жалдап тұрыпты. Олар құлаған жерде жастықтар табылған.

"Екеуі де киініп, аяқ киімдерін де киіп алған. Әйелдің сөмкесі бар. Біреуден қашқаны анық. Қорғаныш болар деп жастықтармен секірген сияқты. Пәтерді тастап кеткен болса, есіктен шығар еді ғой. Аман қалғандарына шүкір", — дейді тұрғындар.

Болған оқиғаның мән-жайы айтылмайды.

Фото: sputniknews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В "Казгидромете" сделали заявление по искусственному дождю

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

В Китае началось строительство самого большого водного проекта в мире

Как поправки в Трудовой кодекс защитят права работников с 4 августа 2026 года