5 қараша күні «Медеу» мұз айдынында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары өткізіледі. Бұл туралы Хабар 24 Ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
20-ға жуық тәжірибелі жаттықтырушы кез келген «Медеу» қонақтарын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін аптаның әр сенбісі немесе жексенбісінде тегін үйрететін болады. Сонымен қатар қонақтарға жобаны ұйымдастырушылар көптеген сыйлықтар табыстап, концерттік бағдарламалар өткізілетінін хабарлайды.
Айта кетер жайт, билеттер мен конькиді жалға алу Медеудегі прейскурантка сәйкес беріледі. Конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқсанның 24-і дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылады.
Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25 ақпанында қосылған болатын.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.
Фото: Хабар 24