Лента новостей
0

ҚР Ұлттық банкі шетел валютасының сатып алу мен сату бағамының ауытқу шектерін түсіндірді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.02.2016 15:57 Zakon.kz
2016 жылдың 1 ақпанынан бастап бағамның жаңа мәндеріне тепе-тең түрде АҚШ долларын сатып алу бағамы мен сату бағамы арасындағы рұқсат етілген маржа 6 теңгеге дейін, ал еуро 7 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Еркін өзгермелі айырбастау бағамының режіміне өткеннен кейін және соның салдарынан болған бағам девальвациясынан кейін, бұрын қолданыста болған қолма-қол шетел валютасының сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері (АҚШ доллары үшін 2 теңге, еуро үшін 3 теңге) теңгенің айырбастау бағамының жаңа мәндеріне сәйкес келмейтін болды.

«Осыған орай, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап бағамның жаңа мәндеріне тепе-тең түрде АҚШ долларын сатып алу бағамы мен сату бағамы арасындағы рұқсат етілген маржа 6 теңгеге дейін, ал еуро бойынша 7 теңгеге дейін ұлғайтылды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 257 қаулысы)», – деп хабарлайды ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Еркін бағам белгілеу жағдайында, бір күн ішінде бағам күрт өзгерген кезде, кейбір айырбастау пункттері белгілі бір валюталар бойынша операцияларды тоқтатты. Мұндай жағдай 2016 жылдың 23 және 24 қаңтарында Алматы және Астана қалаларындағы байқалды. Шекті маржаны кеңейту айырбастау пункттерінің валютаны сатып алу бағамын және сату бағамын белгілеудің икемдірек тәсілін қамтамасыз етіп, айырбастау пункттерінің жұмысындағы іркіліспен байланысты туындайтын мәселелерді жояды.

ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі сондай-ақ, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында айырбастау операцияларын жүргізуден негізсіз бас тартуға тыйым салынғаның жеткізді. Егер айырбастау пункті операцияны кассада қажетті ақшаның болмауы себебінен жүргізбесе, кассир операцияны жүргізуден бас тарту уақытын көрсете отырып, анықтама беруі қажет.

Айырбастау пункттерінің жұмысына шағымды айырбастау пунктінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына беру керек. Айырбастау пункттері клиенттерінің аумақтық филиалға берілген жазбаша өтініші негізінде айырбастау пунктінің қызметіне тексерудің жүргізілетініне назар аударады. Өтініш беру нысаны міндетті түрде әрбір айырбастау пунктінің ақпараттық стендінде орналастырылады. Төменде Ұлттық Банк аумақтық филиалдарының «жедел желілерінің» телефондары берілген, ол телефондар бойынша айырбастау пункттерінің қызметіндегі бұзушылықтар туралы хабарлар қалдыруға және орын алып отырған шағымдар бойынша жазбаша өтініштер беруге, кеңес алуға болады.

Аумақтық филиалдардың жедел желі телефондарының нөмірлері

Ақмола филиалы 8(7162)-25-16-18;

Ақтөбе филиалы 8(7132)-21-02-15; 8(7132)-21-38-42;

Алматы қалалық филиалы 8(727)-244-36-75; 8(727)-244-36-54;

Алматы облыстық филиалы 8(7282)-24-40-90; 8(7282)-24-11-07;

Атырау филиалы 8(7122)-32-85-67; 8(7122)-32-22-02;

Шығыс Қазақстан филиалы

Өскемен 8(7232)-25-43-21; 8(7232)-25-46-12;

Семей 8(7222)-52-35-65; 8(7222)-52-26-00; 8(7222)-52-31-31;

Жамбыл филиалы 8(7262)-45-09-75;

Батыс Қазақстан филиалы 8(7112)-50-44-38; 8(7112)-50-06-23;

Қарағанды филиалы 8(7212)-41-91-70;

Қостанай филиалы 8(7142)-54-62-34; 8(7142)-54-81-18;

Қызылорда филиалы 8(7242)-26-14-21; 8(7242)-27-42-72;

Маңғыстау филиалы 8(7292)-43-62-58; 8(7292)-42-78-94;

Павлодар филиалы 8(7182)-32-58-60; 8(7182)-32-66-71; 8(7182)-32-20-76; 8(7182)-32-39-59;

Солтүстік Қазақстан филиалы 8(7152)-46-50-34; 8(7152)-46-03-61;

Орталық филиал (Астана қаласы) 8(7172)-70-33-13; 8(7172)-70-33-58;

Оңтүстік Қазақстан филиалы 8(7252)-21-20-76; 8(7252)-21-20-69.


Фотосурет: nb.k

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: