ҚР Мемлекеттік хатшысы 89-сайлау учаскесінде дауыс берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.03.2016 16:01 Zakon.kz
Г.Әбдіқалықова: біз өз болашағымызға, тұрақтылыққа дауыс беріп отырмыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында Астанадағы №89 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгін өте маңызды саяси оқиға. Өйткені, еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы – парламент пен мәслихат депутаттарының сайлауы жүріп жатыр.

Сонымен қатар, алдымызда жаңару мерекесі – Наурыз мейрамы келе жатыр. Сондықтан да көңіл-күйіміз керемет. Біз өз болашағымызға, тұрақтылыққа дауыс беріп отырмыз», - дейді Г.Әбдіқалықова.

Фото:ekaraganda.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: