Алқаби болу – зор міндет
Алқаби болу - зор міндет
Алқабилер соты Қазақстан Республикасында 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған, сот әділдігін жүзеге асыру нысандарының бірі.
Елімізде «Алқабилер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңдары қолданысқа енгізіліп, Ақтөбе облысында алқабилер соты 2010 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатыр.
Сот алқабилердің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша негізгі ерекшеліктері мынадай:
- егер айыпталушы өтініш еткен жағдайда сот алқабилерінің қатысуымен жүргізеді;
- егер айыпталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарымен істің біреуі алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша сот алқабилерінің қатысуымен істі қайта қаратуға құқылы.
Ауыр қылмыс жасаған іс бойынша бірнеше адам айыпталса, онда істі алқабилердің катысуымен қарау жөнінде айыпталушылардың біреуі өтініш берген жағдайда істі алқабилердің міндетті түрде қатысуы бойынша қарастырады.
Тергеуші алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін айыпталушыға істің барлық материалдарын таныстыру кезінде оған соттың оның ісін алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш беру құқығын, сондай-ақ соттың алқабилердің қатысуымен шығарған үкіміне шағым жасау және шағымды қарау ерекшеліктерін қоса, осындай өтінішті қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті.
Сот алқабилерінің сотқа қатысуы, айыпталушының алқабилердің антына соттың әсер етуіне және негізсіз сотталуынан корғайды. Сот алқабилерінің қатысуымен шығарылған қаулыда сот қателері жеке кәсіпқой сотпен салыстырғанда мейлінше аз болады. Бұл сот алқабилеріне тек адал, өмірлік тәжірибесі мол, сауатты және әділдігі бар Қазақстан Республикасының адамдары таңдалып алынады. Сонымен қоса сот алқабилерінің ерекше ант құзырын (компетенциясын) қабылдауға сотталушының айыпталуы мен айыптылығы дәлелденгендігі жатады.
Алқабиге үміткерлеріне қатарына алқабилердің тізімдерін жасау кезінде жиырма бес жасқа толмаған, өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар, сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар енгізілмейді.
Алқабиге үміткерлердің тізімдеріне азаматтарды енгізуге шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір шек қоюға жол берілмейді.
Алқабиге үміткерлердің тізімдерінен қылмыстық іс бойынша сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдар, өздерінің дене кемістігі немесе психикалық кемістігі салдарынан алқабидің міндеттерін атқаруға қабілетсіз адамдар, алпыс бес жастан асқан адамдар, діни қызметшілер өздерінің жазбаша өтініші бойынша алып тасталады.
Азаматтар жергілікті атқарушы органдардың сауал салуы бойынша алқабиге кандидаттардың тізімдерін жасау үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті, ал ақпаратты бермесе, ол адам заң алдында жауап береді.
Сот отырысының орны мен басталу уақыты туралы хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті. Азаматтың дәлелсіз себептермен келмей қалуы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қылмыстық іс толық аяқталғаннан кейін ай сайын алқабиге мемлекет қаражатынан соттың немесе оған теңестірілген соттың жарты еңбекақы мөлшеріңде, бірақ алқаби төрағасының негізгі сотта болған (жұмыстық күн саны) уақыттық жалақысынан төмен сыйақы тағайындалмауы тиіс.
Бір есте сақтайтыны, бір алқаби жылына бір рет қана алқаби ретінде сот отырысына қатыса алады.
Әр жаңа қылмыстық істі қарау үшін сотты төрағалық етуші сот алқабиіне алқабилерді тандауға кандидаттарды сотқа шақыратынын естен шығармау керек.
Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге үміткерлеріне алдын-ала кездей-сок таңдаудың тәртібі. Істі соттың алқабилердің қатысуымен тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейін сот төрешісі сот отырысының хатшысына, алкабилерге іріктеу үшін, осы сот отырысына саны қаулыда көрсетілген алқабиге үміткерлердің келуін қамтамасыз ету туралы өкім береді. Сот қаулысында іс бойынша таңдап алынған алқабилердің саны көрсетілуі қажет.
Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етушінің есімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы бірыңғай және косалқы (жылдық) тізімдерден алқабиге үміткерлерді алдын-ала кездейсоқ таңдауды жүргізеді. Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алкабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ тандау аяқталғаннан кейін, олардың тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот отырысынын хатшысы қол қояды. Алдын ала тізімге енгізілген алқабиге кандидаттарға, сот талқылауы басталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама тапсырылады. Хабарлама алған азаматтар алкабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті.
Егер сотқа шақырылған алқабиге үміткерлердің жиырма бесінен азы келсе не сот талқылауына қатысудан олардың кейбіреулерін босатқаннан кейін немесе төрағалық етуші сот төрешісі өздігінен бас тартулар мен карсылык білдірулерді қанағаттандырғаннан кейін олар он алтыдан азайып қалса, төрағалық етуші сот отырысының хатшысына алқабиге үміткерлер құрамының жетіспейтін санын қосалқы тізімнен толықтыру туралы үкім етеді.
Бұл жағдайда алқабиге қосалқы үміткерлерді шақыру үшін сот отырысында үзіліс жарияланады.
Содан бері жеті жылға жуық уақыт өтсе де, тұрғындар ол туралы әлі толық біле бермейді. Сол білместіктің салдарынан оларды алқабиге үміткер ретінде сотқа шақырып, хабарлама тарату кезінде: «Бұл не? Мен туралы мәліметтерді қайдан алдыңдар, неге мені шақырып жатырсыңдар?» — деп түсініспеушілік танытып, хабарламаны алғылары келмей, қорыққанынан есіктерін ашпай, телефон шалсаң, лақтырып тастап, қайта тұтқаны көтермей, сот мамандарының жұмыстарына қиындықтар туғызуда.
Бұл азаматтардың құқықтық білімінің төмендігінен, жеке азаматтардың азаматтық борышын толық сезінбеуінен орын алып жатыр деп ойлаймын. Осындай түсінбеушіліктерге байланысты тұрғындарға ҚР «Алқабилер туралы Заңын» түсіндіруді жөн көрдік.
ҚР «Алқабилер туралы Заңы» қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилердің қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, алқабилердің құқықтық мәртебесін, тәуелсіздігінің кепілдіктерін, олардың қызметін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Заңда бірнеше сөздердің түсініктері берілген: Алқаби — соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы, ал алқабиге үміткерлер — Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес кейіннен алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы;
Алқабилердің құқықтық жағдайы осы Заңда айқындалады. Алқабиге Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер берілген.
Алқабилер соты - сот әділдігін жүзеге асырудың жаңа бағыты және ол тәуелсіз, жеке мүдделерден алшақ, заңдылық пен әділдіктің кепілі болуы керек.
Ақтөбе облысының
қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының кеңсе бас маманы Д.Ә.Садықова