Жалпы сот саласында болып жатқан өзгерістер жайында
Жалпы сот саласында болып жатқан өзгерістер жайында
Г. Каснай
Қарағанды облысының
қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық
сотының кеңсе меңгерушісі
Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан реформалардың сот саласына тигізіп жатқан үлесі оңтайлы деп айтуға болады.
Елбасының реформалық бағдары және оның орындалу жолындағы тиянақты 100 қадамы еліміздің өсіп-өркендеуіндегі тездеткіш себепкері. Осы жүйелі жоспарда мемлекет тарапынан халықтың рухани-мәдени дамуына да баса назар аударылған.
Бүгінде мемлекеттің басты мақсаты - әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің стандарттарын Қазақстанда да енгізу болып табылады. Жалпы алғанда, заманауи талапқа сәйкес, республикамыздың сот жүйесінде электронды сот өндірісін енгізу жұмыстары қарқын алды. «Сот кабинеті» жүйесі арқылы «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, сот процестерін бейнедыбыс жазба жүйесі, СМС және электронды хабарламалар тарату секілді жобалар жүзеге асырылуда. Ел келешегінің табысты болуына жетелейтін бұл құжат ағымдағы тарихи сатыда еліміз үшін айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие. Біріншіден, Ұлт жоспары Елбасымыз Н.Назарбаевтың жаңғырту үдерісінің үздіксіздігі мен бөлінбестігін, мемлекет пен қоғам дамуының шынайы сабақтастығын айқындайтын басқарушылық стилін барынша үздік түрде бейнелейді.
Соның ішінді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотын жеке алып қарасақ, барлық шығарылған сот актілері судьяның және сот отырысының қысқаша хаттамасы бас маман-сот отырысының хатшыларымен электронды қол таңба қою арқылы куәландырады. Бұл бір сөзбен айтқанда ешкімнің бұл сот актісіне қол сұғуына жол берілмейді. Бейнежазылым сот отырысы да халықтың сенімінен шығу бір сөзбен айтқанда ашықтығы, айқындығы, қол жетімділігі. Бейнедыбыс жазылым сот отырысымен танысқан сотталушылардан да недәуір шағым, ұсыныс, сот отырысының хаттамасымен келіспеушілікте бұрынғы қағаз нұсқамен салыстырғанда азайған. АЖ «Төрелік» бағдарламасы арқылы соттың кіріс-шығыс хат хабарлар мемлекеттік тіл туралы есепті жалпы қылмыстьық істер туралы ақпаратты қарап талдау жасауға ыңғайлы құрылған бір жүйе деп айтуға болады. Аталған бағдарламаны барлық сот қызметкерлері жетік меңгерген жұмыс атқара алады. Бас маман-сот отырысының хатшыларының да жұмыстары недәуір жеңілдеген деп айтуға болады, себебі бұрын сотқа шақыру талап қағаздарын қолмен толтырып оны конвертке салып жіберіп жүрсе қазіргі таңда SMS арқылы сотқа шақырылатын тараптардың ұялы телефондарына хабарлама жібере салады. Бұл бюджеттік шығынды да азайтуға септігін тигізуде. Тағы бір өте ыңғайлы оңтайлы мәселе ол бейнебайланыс арқылы сот отырысына қатысу. Алыс аудандарда тұратын істер бойынша куәгерлер, жәбірленушілер, сарапшылар, жазасын өтеп жатқан сотталушылар сол өзінің аудандық сот немесе мекемлері арқылы орнатылған бейне байланысқа шығып айғақтар беруіне болатыны тағы да халықтың уақытын және қаражатын үнемдеу оларға деген қамқор деп айтуға болады. «Сот кабинеті» арқылы да үйде отырып сотқа арыз шағымын өтінішін түсіре алатыны да қазіргі заманауи заманда бір қол жетімділік деп көрсетуге болады. 100 нақты қадам ұлттық жоспарда алқабилердің қатысумен қаралатын қылмыстық істерге де аса назар аударған. Карапайым заң білімі жоқ халықтың арасынан іріктеліп алынған алқабилерде сот жұмысының оңтайлы өзгерістеріне баға беріп жатқаны да куантарлық жай.
Ұлттық жоспардың 27-қадамында Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту делінген. Осы аталған бағытқа сәйкес сот жүйесінде атқару парақтары да электронды түрде атқарушылық өндірісті ұйымдастырудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жолданып жатыр. Қылмыстық істер бойынша атқарушылық өндірісті қадағалап қарап, сот орындаушылармен байланысқа шығып өндірістің қозғалысы жайында бақылау жасап отыруға ыңғайлы болды.
Тағы, бір тілге тиек ете кететін мәселе мемлекетіміздің тілі жайында, яғни мемлекет тілге деген құрмет оны дамыту жетілдіру өрісін кеңейтіп сапасын арттыру. АЖ «Төрелік» бағдарламасы арқылы тілдің деңгейін бақылап талдау жасап отыруға да қол жетімді жұмысты жеңілдетіп берді десек артық болмас.
Осындай ауқымды атқарылып жатқан жұмыстар көп болғай деп тілегім келеді.