Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық дерт
Сыбайлас жемқорлық - қоғамдық дерт.
Сыбайлас жемқорлық - қоғамдық дерт. Бұл дерттің алдын алмаса, дендеп кетіп, қоғамға да, адамға да зиянын тигізері анық. Арты үлкен өкінішке ұрындырар мұндай жат қылық - тоғышарлықтан, ашкөздіктен туындаған жағымсыз құбылыстар. Сондықтан осы келеңсіздіктің алдын алу, болдырмау бағытындағы жұмыстар үздіксіз жалғаса береді. Өйткені, өз мүддесін жоғары қоятын, қу құлқынның құрбаны болған жемқорларға біздің қоғамда орын жоқ. Өркениетті елдің экономикасы да, басқа салалары да тәртіпке, тазалыққа бағынышты болуы шарт.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден сақтандыруға бағытталған.
Катонқарағай аудандық соты, Үлкен Нарын ауылында орын тепкен, онда жұмыс жасайтындардың басым көпшілігі - осы ауыл тұрғындары 2000 - жылдардан қалыптасқан кезеңнен бері жұмыс жасауда, соттың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, кәсіби кеңсе мамандары мен сот мәжілісінің хатшыларына айналған қызметкерлер. Жоғарыдағыдай жат қылықтың аудандық соттан көрініс таппауының бір себебі осы деп ойлаймын. Сол кезеңдерде жұмыс жасаған алдыңғы буын ағаларымыз бен апаларымыздың алды осы кеден саласынан зейнеткер жасына толып, зейнет демалысына шықты.
Мәселен, күні бүгінгі дерек бойынша он жылдан астам еңбек өтілі бар адамдардың сот ұжымынның жартысынан көп. Демек, өз мамандығына адал бұл қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың қандай да болсын әрекетіне бармайтыны сөзсіз. Аудандық сотта бірнеше жыл өміріне азық боларлық тәжірибе жинақтаған бұл мамандардың жағымсыз әрекеттерге бармасы анық. Бұл, бір жағынан сот башылығының ұстанымымы болса, екіншіден, осы қызметкерлердің кәсіби іс тәжірибелерінің нәтижесі. Тағы да бір себебі - сот саласына қызметке алынатын жас мамандар заң саласына қажетті кәсіби мамандығы болған жағдайда арнайы тексеріс түрлерінен өткізіліп, зерттеліп, конкурстық негіз бойынша өткендері ғана қабылданады. Әртүрлі сынақтардан өтіп келген жас мамандар бірнеше жылғы еңбек өтілі бар кәсіби мамандардың қол астында тәлімгерлік тәжірибе жинақтайды. Осы жүргізілген шаралардың барлығы сайып келгенде сот саласындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда келтірілген дәйектерден аудандық сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі түрде жүргізіліп жатқан сан-салалы жұмыстардың нәтижесін көруге болады.
Жүйелілік пен реттілік, сайып келгенде тәртіпке негізделіп, ұжымның алға қойған міндеттер мен мақсаттарына жетуге қол жеткізері анық.
Мақсат бір, мүдде ортақ. Ендеше, өнімді еңбекке жетер тұстағы бастау алар тұсымыз заң қағидаттары мен темірдей тәртіп болмақ.
ШҚО Катонқарағай аудандық сотының бас маманы Темиржанова Ш.К.