Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші мәртебесі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.06.2017 22:37 Zakon.kz

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші мәртебесі

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «мемлекеттік қызметші — жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы шарт, яғни мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы тиіс» деп ерекше ден қойған. Бұл орайда санамызға мемлекеттік қызметшіге қоғам мен мемлекет тарапынан қойылған талаптын қаншалықты жоғарлығы көруімізге болады.

Елбасымыз бастамасымен мемлекеттің тәуелсіздік алғашқы кезеңдерінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жүйесін дамыту жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V заңының 1 бабы, 6), 12) тармақтарында «мемлекеттік қызмет» және «мемлекеттік кызметкер» дегенге келесідей анықтама берілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне анықтама берер болсақ (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді атқару жөніндегі қызмет және мемлекеттік қызметші - мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет жүйесін кәсіби деңгейге жеткізу және мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін артыруда Мемлекет басшысының Н. Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алатын орны ерекше. Ондағы көрсетілген нақты тапсырмаларды орындау ортақ міндет болап табылады.

Ұлт жоспарына сәйкес кәсіби мемлекеттік аппарат құрастыру мақсатында бірінші институционалдық реформаны алғашқы 15 қадамын енгізу бойынша жаңа әдістер әзерленді.

ҚР Ата заңымыздың 24-бабына сәйкес, әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

Статистикаға назар аударсақ, 2017 жылғы І тоқсанда ерлердің жұмыссыздар санындағы үлесі 45,8% (200,9 мың адамды), әйелдердің үлесі - 54,2% (238,3 мың адамды) құрады.

 

 

2015-2017 жылдардағы жұмыссыздық деңгейлері

Пайызбен

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші мәртебесі, фото - Новости Zakon.kz от 05.06.2017 22:37 

Ал соңғы статистикаға жүгінсек, 2017 жылдың 4 айында алғаш рет мемлекеттік қызметке 1982 адам орналасқан, оның ішінде 1158 - жергілікті атқару органына және 824 орталық мемлекеттік органдарда орналасқан.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру 3 сатылы іріктеу жүйесін енгізу байланысты, заңдар бойынша тестілеуден жыл басынан бері 10800 адам қатысып, 46,01 % өтікен, яғни (4969 азаматтар). Келесі саты бойынша 2017 жылыдың 4 айында 4821 адам өтіп барлық көрсеткіш бойынша75,03% жоғарғы көрсеткіш көрсеткен.

Ұлт жоспарына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 63-бабы 1-тармағына сәйкес, 2017 жылдың 5 қаңтары және 30 маусымы мерзімі аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізіліп, тестілеуден барлығы 66580 адам өттіп, қорытындысы бойынша 18982 азамат (28,5%) - өте жоғары, 45422 азамат (68,2%) - тиімді, 2089 азамат (3,1%) - қанағаттанарлық нәтижеге тапсырды.

Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестациясы олардың мәртебесі мен білім деңгейін анықтайтын айқындайтын шараларының бірі болып табылады. Сондықтанда, мемлекеттік қызметшінің мәртебесін асқақтату күрделі және ұзақ процесс. Сол себепті, әр қызметкер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсап, халқына адал да қалтқысыз қызмет жасап, өз ісіне жауапты болғаны абзал.

Қорыта келгенде, мемлекеттік қызметкер - арнайы білімі бар, мемлекеттік қызметте жұмыс жасау қабілеті мен тәжірибесі бар маман. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 10 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдауға; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға; функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға; қызметтік тәртіпті сақтауға; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға; қызметтік әдепті сақтауға; басшылардың бұйрықтары мен өкімдері, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған болса, оларды орындауға; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға, ол жөнінде қолхат беруге; лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге және тағы басқа міндеттерді абыроймен орындауға міндетті. Көріп тұрғанымыздай қызметші төзімділігі моделінің сипаттамалары болып табылады.

«Сіздердің барлықтарыңыз - жоғары билік өкілдерісіздер, сіздер - мемлекеттің бір бөлігісіздер және де сіздер нақты іс - қимылдардың үлгісі болуларыңыз керек», - деді Н.Ә.Назарбаев. Олай болса, мемлекеттік қызметкер болу - зор құрмет, ол халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқарып тұрғандай, бұл өте жауапты да, қыйын және қызықты қызмет екенін айтпасада анық. Сол себепті мемлекетімізге кәсіби қызметінде пайдаланатын білімдері, дағдылары мен икемдері бар білікті кадрлар қажет.

Аталған қызметтегі әр азамат және де өзге саладағы қызметтегі азаматтар жауапкершілігін түсіне отырып еліміздің өркендеуі жолында аянбай қызмет жасауымыз керек.

 

 

ШҚО Катонқарағай аудандық сотының жетекші маманы Н.М. Тоқтарбаева

 

 

 

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: