2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жанар май құю бекеттерінде мұнай өнімдерін сату есепке алатын бақылау аспаптары арқылы жүзеге асырылатын болады
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жанар май құю бекеттерінде мұнай өнімдерін сату есепке алатын бақылау аспаптары арқылы жүзеге асырылатын болады
2018 жылдың 13 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары Алматы қаласының аймақтық кәсіпкерлер палатасының, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, Алматы қаласы бойынша «ҚазСтИн» РМК филиалының, «ҰССО» АҚ АФ өкілдерімен бірге техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаларды, соның ішінде есепке алатын бақылау аспаптарымен ЖҚБ резервуарларды жарақтандыру бойынша талаптарды түсіндіру мақсатында «Royal Petrol» ЖШС барып қайтты.
ЖШС «Royal Petrol» - бұл Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ең ірі қазіргі заманғы жанар-жағар май құю станцияларының желісі. Бүгінгі күні тәулік бойы әр түрлі коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға, мемлекеттік кәсіпорындарға, сондай-ақ жүздеген мың автокөліктерге қызмет көрсететін 70-тен астам ЖҚБ бар.
Компаниямен Қазақстан және Ресейдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарымен сапалы және экологиялық «Еуро-4 және Еуро-5» әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мұнай өнімдерін тікелей жеткізу бойынша келісім-шарттар жасалынған. Метрологиялық қызмет құрылған және отынның сапасын тәуелсіз сараптама орталығының мамандандырылған зертханасымен бақыланады.
Кездесу нәтижесінде, «Royal Petrol» ЖШС қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптары, сонымен қоса есепке алатын бақылау аспаптарымен (ЕАБА) ЖҚБ резервуарларды жарақтандыру бойынша талаптары мен ережелері түсіндірілді.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап астана, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан ЖҚБ-гі мұнай өнімдерін сату ЕАБА арқылы жүзеге асырылады. ЕАБА тек қана деректер тіркемейді, оларды онлайн режимде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіліп отырады.
Қолдануға өлшем бірлігін қамтамассыз ету жүйесінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген және өлшем бірлігін қамтамассыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қолдануға рұқсат берілген ЕАБА рұқсат етіледі.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мұнай өнімдерін сатушыларға ҚР МӨЖ-же тіркелген және белгіленген тәртіпте салыстырып тексеруден өткен ЕАБА орнату ұсынды. Себебі, мұнай өнімдерін сатудағы бақылауды күшейтіп және жалпы жүйені реттейді, сонымен қатар осы саладағы ҚР заңнамасының бұзуға жол бермеуге ықпал етеді.
Реализация нефтепродуктов с 1 января 2019 года на АЗС будет осуществляться через контрольные приборы учета
13 сентября 2018 г. специалисты Департамента Комитета технического регулирования и метрологии по г. Алматы совместно с представителями Региональной палаты предпринимателей г.Алматы, ЮКФ РГП «КазИнМетр», филиала РГП «КазИнСт» по г.Алматы, АФ АО «НаЦЭкС» посетили ТОО «Royal Petrol» с целью разъяснения законодательства в области технического регулирования и метрологии, в том числе требования по оснащению резервуаров АЗС контрольными приборами учета.
ТОО «Royal Petrol» - это крупнейшая в городе Алматы и Алматинской области сеть современных автозаправочных станций, на сегодняшний день состоящая более чем из 70-ти АЗС, ежедневно в круглосуточном режиме обслуживающая различные коммерческие и некоммерческие организации, государственные предприятия, а также сотни тысяч автолюбителей.
Компанией заключены контракты на прямые поставки нефтепродуктов с крупнейшими нефтеперерабатывающими заводами Казахстана и России, продукция которых соответствует таким мировым стандартам качества и экологичности как «Евро-4 и Евро-5». Создана метрологическая служба, и контроль качества топлива контролируется специализированной лабораторией независимого центра экспертизы.
По результатам посещения сотрудникам ТОО «Royal Petrol» разъяснены требования законодательства Республики Казахстан в части технического регулирования, метрологического обеспечения производства, а также доведена информация о правилах и требованиях по оснащению резервуаров АЗС контрольными приборами учета (КПУ).
В соответствии с требованиями Закона РК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» реализация нефтепродуктов с 1 января 2019 года на АЗС столицы и городов республиканского, областного и районного значения должны осуществляться через КПУ. КПУ будут не только фиксировать данные, но и передавать их в режиме онлайн в комитет государственных доходов МФ РК.
К применению допускаются КПУ, зарегистрированные в реестре государственной системы обеспечения единства измерений и допущенные к применению в соответствии с законодательством РК в области обеспечения единства измерений.
Департамент Комитета технического регулирования и метрологии по г.Алматы рекомендует реализаторам нефтепродуктов установить КПУ зарегистрированные в реестре ГСИ РК и прошедших в установленном порядке поверку, так как это поможет усилить контроль и упорядочить общую систему реализации нефтепродуктов, а также избежать нарушения законадательства РК в данной области.