«Акция памяти»: Профсоюзы нашли первого родственника солдата, захороненного в г. Иваново

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.02.2020 18:36 Фото: zakon.kz

«Акция памяти»: Профсоюзы нашли первого родственника солдата, захороненного в г. Иваново

 

Сегодня, в ходе поиска родственников 108 казахстанских воинов Великой Отечественной войны, захороненных на военных кладбищах Ивановской области Российской Федерации, откликнулся Каухитов Кайрат Жарасович - внук рядового Абдурахманова Каукгита.

По данным Международного фонда «Евразийский диалог», занимающегося поиском воинов, пропавших без вести и погибших во время Великой Отечественной войны, рядовой Абдурахманов Каукгит 1901 года рождения, погиб 9 мая 1943 года и захоронен на воинском участке общего кладбища «Соснево» г. Иваново Российской Федерации.

Профсоюзный центр Северо-Казахстанской области активно подключился к Акции Памяти, инициированной Федерацией профсоюзов Республики Казахстан в год 75-летия Победы в Великой Отечественной войне. Так, списки с именами 108 казахстанских воинов, погибших на полях сражений, были размещены в областных, городских и районных средствах массовой информации для ознакомления и оказания содействия в поиске их родных. Также к данной работе профсоюзы подключили департамент и районные отделы по делам обороны, государственный архив Северо-Казахстанской области, областной, городской и районные советы ветеранов, профсоюзный актив области, трудовые коллективы, студенческую молодежь и волонтеров.

В результате совместных действий всех участников акции был найден внук одного из солдат - Каухитов Кайрат Жарасович, проживающий в с.Кирилловка Айыртауского района Северо-Казахстанской области.

Кайрат Каухитов с большой радостью воспринял эту новость и планирует в ближайшее время с родственниками посетить место захоронения своего деда Абдурахманова Каукгита.

Отрадно отметить, что Кайрат Каухитов работает заместителем директора в сельскохозяйственном товариществе «Көкжайлау Грейн», в котором создана и активно действует профсоюзная организация. Председателем первички является Зосько Анатолий Васильевич. Предприятие было неоднократным участником республиканского конкурса по социальной ответственности бизнеса «Парыз», имеет коллективный договор с повышенной социальной составляющей для работников.

Профсоюзный центр СКО для увековечивания памяти погибших воинов продолжает поиск родных солдат Победы, завоевавших мир ценой своей жизни.

 

Пресс-служба профессиональных союзов РК

 

Естелік акциясы: Кәсіподақтар Иванов облысында жерленген жауынгердің немересін тапты

 Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тауып, Ресей Федерациясының Иванов облысындағы әскери зиратта жерленген 108 қазақстандық жауынгерді іздеу жұмыстарының нәтижесінде қатардағы жауынгер Абдурахманов Каухиттың немересі Каухитов Қайрат Жарасұлы табылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан және хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеу шараларын жүргізетін «Еуразиялық сұхбат» атты Халықаралық қордың деректері бойынша 1901 жылы туған Абдурахманов Каухит 1943 жылдың 9 мамыр күні қаза тауып, Ресей Федерациясының Иванов қаласындағы «Соснево» зиратында жерленген.

 Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Естелік акциясына белсенді үн қосты. Сөйтіп, шайқас даласында қаза тапқан 108 қазақстандық жауынгердің тізімі облыстық, аудандық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланып, олардың туыстарын іздестіру жұмыстары басталды. Атаулы игі іске кәсіподақтардың ықпалымен қорғаныс ісі департаменті мен оның аудандық бөлімшелері, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, облыстық, қалалық және аудандық ардагерлер кеңесі, облыстың кәсіподақтар белсенділері, еңбек ұжымдары, студент жастар мен еріктілер жұмылдырылды. Акцияға қатысушылардың бірлескен іс-қимылдары нәтижесінде жауынгер Абдурахманов Каухиттың немересі - Каухитов Қайрат Жарасұлы табылды. Қайрат Жарасұлы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Кирилловка селосында тұрып жатыр. «Көкжайлау Грейн» ЖШС директорының орынбасары. Айта кету керек, аталған ауылшаруашылық серіктестігінде кәсіподақ ұйымы бар, белсенді қызмет атқарып отырған бастауыш ұйымның төрағасы Зосько Анатолий Васильевич. Серіктестік өз қызметкерлерінің алдындағы жоғары әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ететін ұжымдық келісімшартқа отырған. Кәсіпорын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық «Парыз» байқауына бірнеше дүркін қатысқан.

 Қайрат Каухитов жуық арада туысқандарымен бірге жауынгер бабасының жатқан жеріне барып, рухына тағзым етуді жоспарлап отыр.

 Ал Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы Жеңіс жолында жанын қиған батыр бабаларымыздың есімін мәңгі есте сақтау үшін олардың туған- туыстарын іздеуді жалғастыра береді.

ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының баспасөз қызметі

 

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: