Павлодарда сегізінші қабаттан секіріп кеткен ер адамға қатысты оқиғаның жай-жапсары анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.02.2016 17:03 Zakon.kz
Павлодар қаласында Естай көшесі, 83 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секіріп кеткен ер адамның Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Павлодар қаласында Естай көшесі, 83 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секіріп кеткен ер адамның Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ал пəтер ішінен табылған 50 жастағы əйел əзірге тілге келмей жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Дене жарақаттарымен жедел ауруханаға жеткізілген азаматшаның өзіне-өзі қол салған жігітпен қандай байланыста болғаны белгісіз. Есінен танып қалған азаматша тәртіп сақшыларына еш түсініктеме бере алмады. Әзірге олардың бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрғаны ғана белгілі. - Аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Сәуле Мусинова.

Айгерім Жанкашова

Фото: zorya.org.ua

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: