Алматыдағы атыс: жан сақтау бөлімінде жатқандардың барлығы - полицейлер

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.07.2016 21:36 Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі атыс кезінде бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкерінің қаза болғанын растады. Сондай-ай министрлік оқиға желісі жайында ақпарат таратты.

Бұған дейін Алматыдағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне бес ер адам түсті деген ақпарат болған. Олардың саны жетіге дейін көбейді. Барлығы – полицейлер. Аурухана ғимаратын қарулы әскерилер күзетіп жүр, деп хабарлайды Baq.kz.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Никольский базарының аумағында атыс болды. Ол жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Басқарманың маңайы қоршауға алынып, көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай қойды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, атыс қаланың тағы екі ауданында болды.

Бас кезінде аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімет болған жоқ. Алайда куәгерлер әлеуметтік желілер арқылы оқиға орнында көргендерін жазып жатыр. Олардың мәліметіне сәйкес, атысты бір адам емес, бірнеше адам ашқан. Полицейлер қылмыскерлердің бір сыбайласын атып тастады, екі полицей жарақаттанды деген ақпарат болды.

«Атыс болды. Автомат асынған біреу атып шықты да, Әуезов атындағы театр жаққа жүгірді. Сол жерде Лада көлігін ұстап, тайып тұрды. Оның бір сыбайласын полицейлер атып тастады», - дейді куәгерлердің біреуі. Полицейлер атыс ашқан ер адамның сыбайласын атып өлтіргендерін растады.

Алматыда болған атыстан кейін әлеуметтік желілер мен Whats'App мессенджері арқылы сенімді ақпаратпен бірге негізсіз мәліметтер де тарап кетті. Ішкі істер министрлігі Қапшағайдағы әскери бөлімшеге шабуыл жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды. Ал Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Алматы-1» теміржол вокзалынан өрт шыққанын растамады.

ҚР Ішкі істер министрлігі атыс кезінде бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкерінің қаза болғанын растады. Сондай-ай министрлік оқиға желісі жайында ақпарат таратты.

Астана уақыты бойынша 12 сағат 20 минуттан бастап Алматы қаласы бойынша террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі енгізілді. Айта кеткен жөн, террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі енгізілгенде азаматтардың көлік құралдары мен жеке заттарын тексеруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ көлік қозғалысына шектеу қоюға болады. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары тұрғын үй және тағы басқа ғимараттарға рұқсатсыз кіре алады. Телекоммуникациялық жүйелер арқылы жүргізілетін келіссөздер бақылауға алынып, барлық арнайы күш құрылымдарының жұмысы күшейтіледі. Әуежай, метрополитен, теңіз және өзен порттарында, сондай-ақ теміржол және автовокзалдарда тексеріс жұмыстары жүргізіледі.

Фото: voxpopuli.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: