Мен қазақ елінің заңнамасында не өзгертер едім, не үшін, және бұл елге не береді?

1. Дені сау ұрпақ жарқын болашақ!
Елімізде жұмыс жасайтын әйелдерге босанардың алдында декреттік және босанғаннан кейін үкімет ақшалай көмек беретінін бәріміз білеміз. Енді менің айтайын дегенім, осындай декреттік ақшаның орнына жұмыс жасамай отбасының ұйытқысы болып және ауылдық жерлерде жұмыстың тапшылығынан үйде отырып қалған аналарымызға жұмыс ақысының ең төмен мөлшерімен болсын қаржылай көмек берсек.
Бұл елімізге қандай пайда әкеледі?
Біріншіден, болашақ жұмыссыз аналарымыз, босанар алдында өздерін күтініп, керек дәрі-дәрмектерін алып, денсаулықтарын бақылап уақытымен тексерулерден өтіп тұруларына көмек болар еді.
Екіншіден, дүниеге келетін сәбидің дені сау болып туылуына және аналарымыздың өміріне ешбір қауіп төнбеуіне кепіл болар еді.
Елімізде дүниеге ең көп бала әкелетін аналарымыз осы жұмыссыз аналар. Ендеше неге кішкенеде болса халқымыздың санын көбейтуге ат салысып жатқан аналарымызға жәрдем бермеске. Аналарымыздың босану кезінде өміріне ең үлкен қауіп төнетін кез десек болады. Ал сәбидің дүниеге ауру болып келуіне басты себептердің бірі ол – түрлі дәрумендердің жетіспеуі. Өзіңіз көріп тұрғаныңыздай осының бәрі қаражатқа келіп тіреледі. Егерде осы мәселені шешіп берсек аналарымыз өз балаларының болашағы үшін алған ақшаны дұрыс пайдаланады деп ойлаймын.
Біздің елдің болашағы – осы дені сау ұрпақтан бастау алады. Ал түрлі аурулармен ауыратын ұрпақ алдағы уақытта өздерінің ауруларынан басқа елге не бере алады?
«Ауырып, жазылатын жол іздегенше, ауырмайтын жол ізде» – деген мақалды аталарымыз да текке айтпағаны рас. Осыған ойлансақ, мән берсек дұрыс болар еді.
2. Ауылға назар аударсақ!
Ауылымызда үш үйдің бірі кәсіппен айналысады. Ол қандай кәсіп? Бірі нан өнімдерін пісіріп сатса, ал екіншісі сүт, ет өнімдерін өткізеді. Басқалары үйлерінен жүн, тері, темір-терсек қабылдап, оны қымбат бағасына қалаға апарып тапсырады. Ал енді осы кәсіпкерлеріміз салық төлеп, заңды жолмен кәсіп жасап жатыр деп ойлайсыздарма? Жоқ осы кәсіпкерлеріміздің бәрі салық деген сөзді ести сала үрейленеді. Неге? Бұл кәсіп салық төлемек түгелі тамақтарынан ауыспайды. Киімдерін айтпағанда.
Ал егерде осы салықтың төлемін айына шамамен бір мың теңге көлемінде жасаса бұл адамдар бұндай соманы оңайлықпен төлей алатын еді.
Бұл елге не береді деген сұрақ туындайды?
Әр салық төлейтін кәсіпкер адам ешкімнен қорықпай өнімдерін сатып, оны ары қарай көлемін ұлғайтуды көздейді. Бұл күнге дейін тек тамақ пен киімді ойлаған ауылдастарымызда, болашаққа деген үміт пайда болады деп ойлаймын.
Үкіметте қарап қалмайды. Бір ауылда шамамен жүз елу үй болса, соның ішіндегі елу үй айына бір мың теңгеден төлейтін болса елу мың болып шыға келеді. Бұл дегеніміз аз пайда деп ойламаймын.
Сонда қарап тұрсаңыздар халқымызда, басшымызда аш қалмайды.
Рахмет.