Лента новостей
0

Қырғыздар тауарды Алматыдан тасуға көшті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.02.2016 17:24 Zakon.kz
Кәсіпкерлер айыр қалпақты ағайынның бізге ағылуы себебін Қазақстандағы кейбір тауар түрінің Қырғызстанмен салыстырғанда арзандағанымен түсіндіреді.

Қырғыздардың Алматы нарығына ағылуы жаңа жылдан соң басталған. Айыр қалпақтылар біздегі құны төмен тауарға қызығып, өнімдерімізді өздеріне жаппай тасып жатыр. Бұл түсінікті де. Өйткені қазір Қырғызстанда газ бен бензин құны біздегіден әлдеқайда қымбат. Көршілеріміз соңғы жарты жылдың өзінде 250 млн теңгеге экспорт жасаған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

"Қырғыз елі Еуразиялық экономикалық одаққа кіргелі 307 хабарлама түскен. Бұл экспортқа қатысты түскен хабарламалардың саны. Жалпы 84 салық төлеуші Алматы қаласында тіркелген. Олар 54,5 миллион сомға экспорт жасаған. Бұл теңгемен шаққанда 250 миллион теңге",- деді Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Еділ Әзімшайық.

Іргелес елге негізінен тұрмыстық техника, ұн өнімдері мен жұмыртқа сынды тауар түрлері экспортталып жатыр. Мәселен, қазақ ұны сапалы әрі әр келісі 5-10 сомға арзан. Бұрын Бішкектегі базарлар Орта Азиядағы ең арзан сауда орталықтары болса, қазір импорттың артуы бұл өңірге жайсыз тиіп, тауар айналымын тұралатып тұр. Бірақ сарапшылар көрші ел тұрғындарының қажетін Қазақстаннан іздеуі ұзаққа созылмайды деп санайды.

"Тұрмыстық техникалар мен құрылыс заттарын сатып алу жаңа жылдан бері жақсы жүріп жатыр. Бірақ ол көп уақытқа созылмайды. Қырғыздардың Қазақстаннан бұндай заттарды жаппай сатып алуы ары кетсе екі-үш айға созылады. Олардың бізге келуі Қазақстан нарығына ерекше серпін бермейді. Біздегі бағаның өсуіне де өзгеріс әкелмейді. Өйткені ол жақтағы тұтынушылар саны аз. Әрі олардың жеңіл өнеркәсібі бізбен салыстырғанда жақсы дамыған",- деді Геннадий Шестаков.

Қырғызстан ұлттық статистика комитетінің дерегінше, өткен жылы республика 1,3 миллиард доллардың өнімін экспортқа шығарып, 3,7 миллиард доллардың тауарын сырттан әкелген. Қырғыз сарапшылары "Үкімет долларды еркіне жіберейін десе, бюджет қызметкерлері қиналып, сыртқы қарыз өседі. Доллар бағамын ұстайын десе, өндіріс зардап шегеді" дейді. Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың тұтынушы еліне айналмауы үшін қазір өз нарығы мен кәсіпкерлерін қорғаудың жаңа жолын жанталаса қарастырып жатыр.

Әмірболат Құсайын, Әсет Құндақбаев

Фото:www.segodnya.ua

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: