Лента новостей
0

Қ.Айтмұхаметов: Астананың электр желiлерiндегi шығын 2,9%-ға азайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.02.2016 20:56 Zakon.kz
Қалада жылыту маусымы қалыпты жүріп жатыр. Бекiтiлген режим картасына сәйкес жылу тарату құбырлары тиiстi деңгейде жұмыс істеп, апаттық және I деңгейдегi ауытқулар болған жоқ.

Елорданың электр желiлерiндегi шығын 13,9%-дан 12%-ға азайды. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қалада жылыту маусымы қалыпты жүріп жатыр. Бекiтiлген режим картасына сәйкес жылу тарату құбырлары тиiстi деңгейде жұмыс істеп, апаттық және I деңгейдегi ауытқулар болған жоқ. Бүгiнгi таңда энергия көздерi 20 тәулiкке жететiн отынмен қамтамасыз етiлген. 2015 жылы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында №1 ЖЭО-да №7 қазандық агрегаты және №2 ЖЭО-да №5 құбыр агрегаты iске қосылды. Бұл электр қуатының көлемiн сәйкесiнше 110 Гкал/сағ және 120 МВт/сағ арттыруға мүмкiндiк бередi», - дейдi әкiм орынбасары.

Сонымен қатар, Қ.Айтмұхаметовтың айтуынша, «Астана Жылу транзитi» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 12 км жылу желiсi қайта жөнделдi және иесiз жатқан 7 км жылу желiсi қалпына келтiрiлдi.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өткен жылы 4 және 5 қосылымдардың құрылысы басталды. Бұл жоба тұрғын үй құрылысы жүрiп жатқан аудандар, ЭКСПО-2017 нысандары және жаңа темржол бекетi аумақтарын жылумен қамтамасыз етуге бағытталған. 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында «Астана-АЭК» АҚ 56 жылу тарату бекетi мен 78 км әуе электр желiсiне күрделi жөндеу және 35,2 км электр желiсіне қайта жөндеу жүргiздi. Қабылданған шаралар электр желiлерiндегi шығынды 13,9%-дан 12%-ға төмендетуге мүмкiндiк бердi», - дейдi Қ.Айтмұхаметов.

Фото:www.rostest.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: