Қазақстанда спорттағы допингпен күрес бойынша тәуелсіз Комиссия құрылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.02.2016 18:52 Zakon.kz
Астанада Ұлттық Олимпиада Комитетінің бастамасымен допингке қарсы Тәуелсіз комиссия құрылды.

Тәуелсіз комиссияның жұмысы Қазақстандағы допингке қарсы жүйенің жетілуіне ықпалдасады, деп хабарлады ҚР ҰОК баспасөз қызметінен. Қазір Комиссия өз жұмысын Алматыда орналасқан Ұлттық допингке қарсы орталық пен допингке қарсы зертхананың жұмысын бақылауға бағыттайды. Олардың допингке қарсы халықаралық қозғалыстармен өзара әрекеттестігінің механизмдерін қарастырады, деп жазады ҚазАқпарат .

«Допингке қарсы Тәуелсіз комиссия құрудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы допингке қарсы бақылау жүйесін жетілдіру мен «таза спортшыларды» қорғауды күшейту болмақ. Комиссия мүшелерінің қатарында спорт қоғамдастықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медицина қызметкерлері, заңгерлер бар. Кейін оның құрамына халықаралық деңгейдегі допингке қарсы қозғалыс сарапшыларын енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазақстандық тәуелсіз Комиссия дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (WADA) ықпалдасып жұмыс істейді», - деп атап өтті Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Тимур Құлыбаев.

Фото: xsport.ua

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: