Том Леффлер: Геннадий Головкин Доминик Уэйдті жеңсе Дэниэл Джейкобпен жекпе-жек өткізеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.02.2016 19:00 Zakon.kz
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін айтады.

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін айтқан,деп хабарлайды kaztrk.kz сайты.

«Егер Геннадий Головкин Уэйдті жеңетін болса, онда біз Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек ұйымдастыруға тырысып көреміз. Ол Нью-Йоркте өткізген соңғы жекпе-жегінде Питер Куиллинді нокатупен ұтқан еді. Сондай-ақ, Геннадий Головкинде «Мэдисон Сквер Гарден» аренада өткізген кездесуде жеңіске жеткен. Меніңше, Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс Нью-Йоркте ең көп көрермен жинайтынына сенімдімін. Бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға біздің тараптан ешқандай кедергі жоқ», - дейді Том Леффлер.

Еске сала кетейік, 23 сәуірде Геннадий Головкин Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жек өткізеді.

Фото: kaztrk.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: