Ақмола облысында пара алмақ болған жол-патрульдік полиция қызметкері ұсталды
Zakon.kz
Степногор қаласы автовокзалы ғимаратының ішінде 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 100 мың теңге көлемінде пара алмақ болған жол-патрульдік полиция ротасының қызметкері қолға түсті.
Ақмола облысында жол-патрульдік полициясының қызметкері пара алу үстінде ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
"Ақпанның 14-і күні сағат 15:15 минут шамасында Степногор қаласы автовокзалы ғимаратының ішінде 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 100 мың теңге көлемінде пара алмақ болған жол-патрульдік полиция ротасының қызметкері қолға түсті. Аталған жол-патрульдік полиция қызметкері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін ақша сұраған.Қазіргі кезде, 23 жастағы полиция қызметкері уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", деп көрсетілген хабарламада.
Аслан Оспанов
Фото: ria.ru
Поделитесь новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript