Лента новостей
0

Алматы облысында еліміздің үздік құсбегілері сынға түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.02.2016 23:33 Zakon.kz
Жарыста еліміздің 10 облысынан келген 45 құсбегі өздері баптап жүрген бүркіт, қаршыға құстарының шеберлігін сынға салды.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Илан тауының баурайында Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Саят» Ұлттық спорт түрінен республикалық жарыс өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Жарыста еліміздің 10 облысынан келген 45 құсбегі өздері баптап жүрген бүркіт, қаршыға құстарының шеберлігін сынға салды. Жарысқа қатысушыларды Алматы облысы əкімінің атынан əкім орынбасары Бахтияр Өнербаев құттықтап, жарысқа қатысушыларға сəттілік тіледі.

Салтанатты ашылу рəсімінен кейін қырандардың бабы жарыстың бірнеше кезеңінде сыналып, қоян, түлкі ұстаудағы нəтижелері сарапқа салынды. Спорт жарысының қорытындысы бойынша бүркітшілер арасында 1-орынды қызылордалық Сармат Əбдулкерімұлы, 2-орынды Астана қаласының намысын қорғаған Арманбек Күнтуған және 3-орынды Ақмола облысынан келген Бергенбай Тастанбек жеңіп алды.

Сондай-ақ қаршығамен аң аулау жарысында бірінші және екінші жүлделерді Жамбыл облысынан Бақдəулет Бабажан Берікболсын Жалғасұлы, 3-орынды Ақтөбе облысынан келген Ақберен Құрманғалиев иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен грамоталар тапсырылды.

Құсбегілердің келесі ірі жарысы Жамбыл облысының Тараз қаласында өтетіндігі белгілі болды.

Фото: www.minber.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: