Оңтүстік облысында ит қапқан үшінші адам қайтыс болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.02.2016 19:23 Zakon.kz
Оңтүстікте тағы бір адам құтырудың кесірінен көз жұмды.

Созақ ауданындағы 14 жасар ит қапқан қыз, құтырудан көз жұмды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жасөспірімді ауылдасының иті қауып алған. Соның салдарынан қыз құтырудың белгілері бар деген күдікпен ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі таңда анық болғаны, 2002 жылы туылған жас қыз құтырудан көз жұмды. Ал облыстың ветеринарлары жасөспірімді қапқан иттің денесін зерттеуге жіберген. Оның нәтижесі 15 күннен кейін белгілі болады деп отыр.

Айта кетейік, бұл — Оңтүстікте тіркелген құтырудың үшінші оқиғасы.

Фото: vyatka.ru

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: