Лента новостей
0

Биыл Алматыда 7 саябақ жөндеуден өтеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.03.2016 15:36 Zakon.kz
40 сотық аумақты қамтып жатқан саябақты қалпына келтіруге алматылық кәсіпкерлер ат салыспақ.

Биыл Алматыда 7 саябақ жөндеуден өтеді. Олардың көпшілігі жеке кәсіп иелерінің демеуімен жүзеге аспақ. Бақтар толығымен жарықтандырылып, жасыл желек жаңартылады,-деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Сәбит Мұқанов атындағы саябақта жөндеу жұмыстары 10 жылдан бері жүргізілмеген. Осы уақыт аралығында мұнда орнатылған екі шамның өзі істен шығыпты. Алдағы уақытта жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру үшін мұнда 40 шам қойылмақ.

40 сотық аумақты қамтып жатқан саябақты қалпына келтіруге алматылық кәсіпкерлер ат салыспақ. Осы мақсатта олар 200 миллион теңге қаржы бөліпті. Бұл қаржыға саябақ аумағы абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Тіпті бизнесмендер қалада бұған дейін отырғызылмаған ағаш түрін алып келмек.

"Бакудан жақсы-жақсы ағаштың түрін алып келді. Қазір біз өзіміздің мамандармен ақылдасып жатырмыз. Олар бізде жерсінеді ма, жоқ па? Кейін айтамыз қандай ағаштар керек екенін",- деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің бас маманы Мұрат Жексенбаев.

Мамандар қалпына келтіру жұмыстарын наурыз айының ортасында бастамақ. Жоспарға сай, 20 орындық пен қоқыс жәшігі қойылады. Сонымен қатар, саябақ аумағы толығымен қоршауға алынбақ. Бұдан бөлек, жасыл желекті автоматты түрде күндіз-түні суғаратын жүйе іске қосылмақ.

Биыл Алматыда 7 саябақ жөнделеді. Соның ішінде қаладағы Шухов пен «Айнабұлақ» ықшам ауданындағы демалыс орны мемлекеттік бюджеттен қалпына келтірілетін болады. Айта кетерлігі, алып шаһарда бас-аяғы 130-дан астам саябақ бар.

Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко

Фото:www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: