Күнкөрістің ең төменгі деңгейі 20 380 теңге - ақпан айы
Zakon.kz
2015 жылғы ақпанмен салыстырғанда 7%-ға жоғарылады.
2016 жылғы ақпан айы бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейі 20 380 теңге болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 1,2%, 2015 жылғы ақпанмен - 7%-ға жоғарылады», делінген хабарламада.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейі ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,1%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 17,9%, жемістер мен көкөністерді - 9,8%, нан және жарма өнімдерін - 8,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,6%-ды құрады.
Поделитесь новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript