Шымкентте BMW X5 көлігі жанып кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.03.2016 16:39 Zakon.kz
Көліктің иесі өрт сөндіру құралын алып, жалынды өзі сөндірмек болған. Дегенмен, ол әрекеті нәтиже бере қойған жоқ.

Шымкентте BMW X5 көлігінен өрт шығып, жанып кетті. Төтенше жағдай Қажымұқан атындағы орталық стадионның алдында болған. Көлік стандион ғимаратының алдына қойылған екен, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бір орында тұрған көлік кенет тұтана бастаған. Оқиға күндізгі сағат 11 шамасында болды дейді куәлер.

Көліктің иесі өрт сөндіру құралын алып, жалынды өзі сөндірмек болған. Дегенмен, ол әрекеті нәтиже бере қойған жоқ. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жанып жатқан шетелдік көлікті сөндірді. Дегенмен, BMW көлігі әжептеуір жанып кеткен.

Фото: otyrar.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: