Қазақтың тоғызқұмалақ ойыны туралы Миланда ағылшын және итальян тілінде кітап шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.03.2016 21:34 Zakon.kz
Бұл кітап аталған елде жергілікті тұрғындардың қазақтың тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығын арттыруға таптырмас құрал екені анық.

Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақ туралы Миланда ағылшын және итальян тілінде жаңа кітап жарық көрді. Бұл туралы ҚазАқпарат, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

«Togyzkumalak's composition» кітабы итальян тілінде «IL Togyzkumalak» деген атпен Милан қаласында жарық көрген кітаптың авторы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының бас хатшысы, Тоғызқұмалақтан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мақсат Шотаев.

150 беттен тұратын бұл кітаптың басты ерекшелігі бағзы заманнан келе жатқан төл ойынымыз тоғызқұмалақтың есептері мен этюдтері толығымен жинақталып берілген.

Бұл кітап аталған елде жергілікті тұрғындардың қазақтың тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығын арттыруға таптырмас құрал екені анық.

Фото: www.inform.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: