Астанада бақылау камераларының арқасында 40-қа жуық қылмыс анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.04.2016 18:38 Zakon.kz
Тәртіп сақшылары қырағы камералардың көмегімен жыл басынан бері 30 қылмыс пен әкімшілік тәртіп бұзылған 10 деректі анықтаған.

Елордада көлік доңғалағын ұрламақ болған 23 жастағы азамат ұсталды. Арам ойын жүзеге асырмақ болған күдікті бақылау камераларының біріне түсіп қалған, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні сол бойда қолға түсірді. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша іс қозғалды.

Айта кетейік, бас шаһарда 800-ге жуық бақылау камерасы бар. Тәртіп сақшылары қырағы камералардың көмегімен жыл басынан бері 30 қылмыс пен әкімшілік тәртіп бұзылған 10 деректі анықтаған.

Фото:hi-news.ru

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: